Бірінші кезеңде Корбэн Найт соққан голдан кейін қонақтар алға шықты. Үзілістен кейін айдын иелері есепті теңестірді. Бірақ жергілікті жанкүйерлердің бұл қуанышы ұзаққа созылмады. 32 минутта Никита Михайлис пен 39 минутта Линус Виделль нысананы дәл көздеді. Үшінші кезеңде Евгений Мозер есеп айырмашылығын қысқартқанымен, бәсекенің аяқталуына 19 секунд қалғанда Дастин Бойд матчтың соңғы нүктесін қойды. Есеп – 2:4.
Қазіргі кезде «Барыс» тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде алтыншы орында келеді. Шығыс конференциясында біздің жігіттер үшінші сатыға жайғасты. Чемпионат басталғалы бері барлығы 53 бәсеке өткізген жерлестеріміз 69 ұпайды иеленуде.
Өзінің келесі кездесуін елордалық хоккейшілер 30 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Нижнекамскінің «Нефтехимигіне» қарсы өткізеді.