Өнер • 01 Қаңтар, 2021
Жаһандық өнер көгіндегі жарық жұлдыз. Біртуар балет бишісі. Санкт-Петербургтегі әйгілі Мария театрының прима балеринасы. А.Ваганова атындағы Орыс балет академиясының көркемдік жетекшісі. Бірнеше мәртебелі сыйлықтың лауреаты. «Астана Операдағы» балет труппасының көркемдік жетекшісі. Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры. «Парасат» орденінің иегері. Ойпырмай, осыншама атақ-даңқ пен абырой-беделді бір басына үйіп-төгіп берген Алтынай Асылмұратованың да алмаған асулары бар ма екен?!
Пікір • 01 Қаңтар, 2021
2020 жыл Қазақстанның ғана емес, әлемнің тарихында ең бір ауыр, күрделі және дүние халқын сынаған жыл болды. Мұның бәрі коронавирус пандемиясына байланысты екені түсінікті. Бірақ ел даналығы: «Қатты жерде қақ тұрар, қайратты ерде бақ тұрар» дейді. Қазақстан 16 наурыздан бастап әлемдік дертке қарсы қайратын көрсетті.
Руханият • 01 Қаңтар, 2021
Өткен күнге өкпе жоқ, келер күннен үміт көп
Біз – өткенге салауат айтып, Алланың арайлап атқан әрбір таңынан жақсылық күткен халықпыз. Рухымызды түсірмей, сын сағатында сағымызды сындырып алмауға тырысқан жоралы жұртпыз. Аллаға шүкір, осындай игі ниет пен бірліктің арқасында талай нәубетті кезеңнен аман шығып, қиындықты еңсеріп келеміз.
Тарих • 01 Қаңтар, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы желтоқсан оқиғасына қатысты Алматы қаласында бой көтерген «Тәуелсіздік таңы» атты ескерткіштің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздігіміздің алғашқы хабаршысы болды. Билік осы оқиғаға ұлтшылдық деген айып тағуға тырысты. Саяси бюрода мұның бұлай еместігі туралы менің дәлелдеуіммен, арнайы қабылданған қаулыны бұздыруыма тура келді. Осы оқиғаларды ұлтаралық қақтығыс деп атауға тырысты, алайда мұның бұлай емесін тарихтың өзі көрсетті. Сол кезде алаңға шыққан жастардың талап-тілегі – әділеттілік пен Қазақстанның тәуелсіздігі болатын» деген еді. Міне, биыл Елбасы айтқандай, «тәуелсіздігіміздің хабаршысы» желтоқсан оқиғасына 35 жыл толып отыр. Бұл көп уақыт емес. Оқиға куәгерлері де, оған атсалысқан адамдар да аман-есен жүр. Сол себепті биыл небір естеліктер айтылып, өткен күндер елесі тағы бір жаңғырары хақ.
Экономика • 01 Қаңтар, 2021
Банкроттық туралы заң қабылдана ма?
Қазақстан халқының банк алдындағы берешегі артып бара жатыр. Бұл ретте тұтынушылық несиені меңзеп отырмыз. Жеке тұлғалардың қарызы шамамен 4 трлн теңгеден асады. Халықтың 27 пайызы – банк алдында борышкер. Жеке азаматтардың несиесін кешіру Үкімет үшін де, экономика үшін де тиімсіз деген түйінді экономистер айтып жүр. Егер олай істесе мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындай алмай қалуы мүмкін. Амнистияның тиімсіздігін айғақтайтын басқа да себептер баршылық. Бұл орайда елімізде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдануы керек деген ой айтыла бастады.