Қазақстан • 30 Қаңтар, 2020
Асқар Мамин инновациялар мен цифрландыру саласындағы шетелдік сарапшылармен кездесті
Премьер-Министр Асқар Мамин «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысу үшін Алматы қаласына келген цифрландыру және инновациялар саласындағы шетелдік іскерлік, үкіметтік және сарапшылық орта өкілдерімен кездесулер өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 30 Қаңтар, 2020
«Туған жер» бағдарламасы аясында 825 жаңа нысан салынды
Бұл бастама аясында қолға алынған жоба қазақстандықтарды туған өлкесін дамытуға тартуды, жергілікті жерлердегі әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет пен азаматтық қоғамды жұмылдыруды мақсат етеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.
Спорт • 30 Қаңтар, 2020
Спорт саласының 2019 жылғы үздіктері анықталды
Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінде облыстық спорт басқармалары, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен өткен жиналыста 2019 жылдың қорытындысы бойынша спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» аталымы бойынша атақтарды беру жөніндегі республикалық конкурстың нәтижесі жарияланып, жеңімпаздар анықталды.
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2020
Digital Atameken: 1 миллионнан астам пайдаланушы 400-ден астам қызмет түрін алады
Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы өткен жылға жасаған жұмыстардың есебін беріп, ағымдағы жылдың жоспарларымен бөлісті. Палата директоры Нариман Әбілшайықов, Палатаның Өңірлік кеңес төрағасы Максим Барышев, сондай-ақ Өңірлік кеңес мүшелері және Алматы қаласының кәсіпкерлері қатысқан жиында жетістіктермен қатар саланы толғандырған мәселелер де айтылды.
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2020
Қазақстандық ғалым бейбітшілік грантына ие болды
«Бейбітшілік пен қауіпсіздікке арналған ғылым» деп аталатын НАТО бағдарламасының шеңберінде қазақстандық ғалым Лаура Кенжина арнайы грант жеңіп алды. Оның еңбегі «Радиациялық және ядролық төтенше жағдайлар кезінде сұрыптаудың жаңа биологиялық және физикалық әдістері» тақырыбын қамтыды.