Оралда үй-күйсіз жандарға «сарқыт» берілді
Орал қаласында белгілі тұрағы жоқ жандарға бұл күні таңғы ас мейрамхана мәзірінен бұйырды. Шаһардағы осындай адамдарға арналған бейімдеу орталығына Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері келіп, 40 адамға тегін ас таратты.
Қызмет сапасын Digital agent мобилді қосымшасы сараптайды
Жақында іске қосылған Digital agent мобилді қосымшасы мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын саралауға жол ашты. Әсіресе, шенеуніктердің жұмысына қатысты жиі сын айтатын тұрғындар үшін бұл таптырмайтын мүмкіндік болып отыр.
Қазақстан • 25 Қаңтар, 2019
Қазақстан-Швейцария арасындағы ынтымақтастық нығая береді
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Ерболат Досаев Швейцария Конфедерациясының Экономика, білім және ғылым министрі Ги Пармеленмен Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) жыл сайынғы 49-шы сессиясы шеңберінде кездесті. Кездесуге Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Жанар Айтжанова мен Швейцарияның Экономика жөніндегі мемлекеттік хатшылығының Екіжақты экономикалық қатынастар департаментінің басшысы, Елші Эрвин Боллингер қатысты. Бұл туралы СІМ хабарлады.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2019
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне жаңа ректор тағайындалды
Білім ордасының жаңа басшысы болып, Қостанай қаласындағы жоғары политехникалық колледждің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, экономика ғылымдарының кандидаты Алма Досжанова тағайындалды.
Технология • 25 Қаңтар, 2019