Энергетика • 25 Қаңтар, 2024
Тиімді энергия алуда атом электр стансаларының мүмкіндігі мол. Өндірісті дамыту үшін бірінші кезекте ең қажеттісі, ол – энергия. Дамыған елдердің көпшілігінде атом электр стансасы салынған.
Экономика • 25 Қаңтар, 2024
Өңір экономикасына өзгеріс қажет
2023 жылдың қорытындысына қарағанда Солтүстік Қазақстан облысының даму көрсеткіштері белгіленген экономикалық индикатордың 97,8 пайызын ғана орындаған. Бұл – республика өңірлері арасында 19-орын. Ал жалпы республика бойынша көрсеткіш – 105,1 пайыз. Бұл туралы облыстың экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов облыс әкімдігінде болған жыл қорытындысында айтты.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Көгілдір отынды тұтынушылар көбейіп келеді
Бүгіндері отандық экономикаға өз үлесін қосып, қарқындылықпен танылып отырған газ – мұнайға ілеспе өнім екендігін ескерсек, ішкі нарықта тұтыну айтарлықтай өсіп келеді. Газ саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі Кешенді жоспарында газдың ресурстық базасын ұлғайту, газ нарығын реформалау және азаматтардың әлеуметтік осал топтарына бағаны тежеу жөніндегі шаралар қарастырылған болатын. Елімізде тауарлық газ ресурстарын 30 млрд текше метрге дейін ұлғайту үшін жаңа газ өңдеу қуаттарын салу және елді газдандырудың кемінде 60 пайыз шамасында қамтамасыз ету керектігін, Мемлекет басшысы Үкіметке жүктеген еді. Белгіленген тапсырманы орындау мерзімі 2023-2029 жылдар аралығын қамтып, келесі бесжылдықта 12 млн адамды табиғи газбен жабдықтау жоспарланды.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Қазір қоғамда «гендерлік теңдік» тіркесінің мағынасы толық айқындалмай тұр. Тіпті жұртшылық осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітсе, әйелдердің ғана тұлғалық ерекшеліктерін қорғайтын түсінік ретінде қарастырады. Әлдебіреулер оған басты себеп, менталитетімізге сай келмейтін шетелден келген еліктеушілік десе, енді бірі адам теңдігі мен гендерлік теңдік ұғымының ара-жігін ажырата алмағандықтан дейді.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Кедергісіз орта құрудағы келеңсіздіктер
Әлеуметтік кодекс күшіне енген былтырғы шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты жұмысын бастады. Бұл құрылымның құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау кіреді.