Қазақстан • 31 Қаңтар, 2018
Еділ Мамытбеков: Цифрлы экономика негізінде цифрлы кодекс немесе заң қабылдау керек
Елбасы өз Жолдауында таяу жылдарға арналған жұмыс бағдарларын нақтылап берді. Басты арқау – интернет, мобильді және сенсорлық жүйелер арқылы жүзеге асырылатын экономикалық және әлеуметтік шаралардың жаһандық жүйесін пайдалана отырып, Қазақстанда «цифрлы экономиканы» дамытудың қажеттілігі.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2018
Төлеуғали Бөрібаев: «Тәуелсіздік дәуірі» - Ұлттық рухтың өлшемі
Соңғы жылдары бәсекеге қабілеттілік туралы жиі айтатын болдық. Бұл ұғымды жиі пайдаланатынымыз соншалықты, кейде оған әмбебаптық сипат та беріп жатамыз.
Әдебиет • 31 Қаңтар, 2018
«Егемен Қазақстан» газетінде Елбасы еңбегіне арналған дөңгелек үстел өтті
Тәуелсіздік алғаннан бері өткен ширек ғасырдан асқан уақытта еліміз әлемдік саясаттың сан қилы қитұрқылығынан ақылмен өтіп, жаһанға бейбітсүйгіш ұранды үлгі етіп келеді. Осы уақыттың парасатты баяны келешек ұрпаққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы арқылы сапарға шықты. Бұл еңбекте болашаққа бет алған қазақтың салқар көші, тұтас бір дәуірінің тарихы бар. Сондықтан да бұл кітап қоғамда ғылыми-сарапшылық институттар мен жалпы жұртшылық тарапынан зор қызығушылық тудырып, кең ауқымды талқылауларға өзек болды. Мәселен, тек «Егемен Қазақстан» газетінде мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, Парламент депутаттарының, зиялы қауым мен сарапшылық орта өкілдерінің осы еңбектің мән-маңызын ашып көрсететін елуге жуық мақаласы жарияланды. Қарапайым оқырмандардан да көптеген хаттар келіп түсті. Авторлардың барлығы дерлік кітаптың іргелі энциклопедиялық еңбек екеніне, онда еліміздің жаңа дәуірде жүріп жатқан жолы нақты тарихи дәйектермен шынайы баяндалғанына айрықша назар аударды. Бұл бағыттағы пікірлер мен мақалалар легі әлі де толассыз жалғасып жатыр. Осыған байланысты «Егемен Қазақстан» газеті кеше мемлекет және қоғам қайраткерлері бастаған ғылыми-сарапшы және зиялы қауым өкілдерінің басын қосып, Елбасы еңбегіне арналған дөңгелек үстел мәжілісінде айтылған ой-толғамдарды оқырман назарына ұсынды.
Медицина • 31 Қаңтар, 2018
Павлодарда мардымсыз жылу тұрғындарды мазасыз күйге түсірді
«Мен, Бота Аушахманова – облыс орталығының Ш.Шөкин көшесіндегі №145 үйдің тұрғынымын. Пәтерде жылу аз. Бірнеше рет ПИК-ке бардым, олар да шарасыз. Бір ай бойы электрлі батареямен отырмыз. Жылуы жоқ үйде жылуға ақша төлеп отырмыз...». Бұл – облыс әкімдігінің сайтына жазылған шағым хаттардың бірі.
Үкімет • 30 Қаңтар, 2018
Бүгін Үкіметте қандай мәселелер талқыланды?
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономикалық саясаттың 2018 жылға арналған негізгі бағыттары, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру жайы, бәсекелестікті дамыту мәселелері қаралды.