Саясат • 25 Қаңтар, 2023
Несиелеуге арналған кепілдік базасы, ауыз су тапшылығы және егіс науқанына дайындық. Осы және өзге де өзекті мәселелер «Amanat» партиясы жанындағы Агроөнеркәсіптік комитет отырысында талқыланды.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2023
Мемлекеттік тілді үйрететін жоба
Еліміздің 12 өңірінде тегін қазақ тілі курсы ашылды. «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы аясында «Сөйле» тілдесу клубының жиынын өткізіп жатыр.
Бизнес • 25 Қаңтар, 2023
Елімізде ынталы азаматтарды іскерлікке баулитын ілкімді бастамалар көптеп қолға алынып жатыр. Жан-жақты ойластырылған, «жеті рет өлшеп» жетілдірілген, жұтамайтын жобаң болса, мемлекет тарапынан қолдау болады. Былтыр өз кәсібін бастау үшін 21,7 мың адам мемлекеттік грант алды.
Экономика • 25 Қаңтар, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «бағаны әкімшілік жолмен реттеу тұтас салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді», дей келіп, бұл тауар тапшылығын арттырып, елді импортқа тәуелді ететінін айтқан еді. «Сондықтан баға белгілеу ісіне мемлекеттің араласуынан біртіндеп бас тарту керек. Бәсекелік ортасы жоқ нарықтар ғана бұрынғыдай қала береді», деді. Алайда Президент тек монополистердің тарифтері қатаң бақылауда болатынын ескертті. Мемлекет басшысы айтқандай, бақылау жасау – орынсыз қысым көрсету деген сөз емес.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2023
Керекудегі электр тарату компаниясының мыңнан аса қызметкері еңбекақыларын екі есеге көтеруді талап етіп отыр. Қазіргі күні ел өңірлерінде өміршең етілуі жоспарланған «Тарифті инвестицияға айырбастау» жобасында саладағы еңбекақыны өсіру көзделгені мәлім. Алайда бұл бағдарламаның біздің әлеуметтік жағдайымызға онша-мұнша әсері болмайды деп санайды энергетика саласының өкілдері.