Экономика • 25 Қаңтар, 2024
Kaspi.kz финтех-холдингі АҚШ-тағы NASDAQ биржасында акцияларын бастапқы жария орналастыруға (IPO) шығарды. Лондон қор биржасының сайтындағы ақпарат бойынша, Kaspi.kz әрқайсысы компанияның әдеттегі бір акциясын ұсынатын 11 300 000 америкалық депозитарлық акцияны (ADS) орналастырған. Орналастыру бағасы – ADS үшін 92 доллардан.
Білім • 25 Қаңтар, 2024
Жалақыға қоса шәкіртақы береді
«Teach for Qazaqstan» бағдарламасының екінші легіне іріктеу басталды. Бағдарламаға білім саласында тәжірибесі жоқ мұғалімдер мен осы мамандықты бітіргелі жүрген студенттер ғана емес, педагог болғысы келетін басқа саланың мамандары да қатыса алады.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында «Сапалы ұлт: білім, ғылым және мәдениет» атты елімізге белгілі филолог ғалымдардың студенттермен кездесуі өтті. Іс-шараға Ұлттық ғылым академиясының академиктері Уәлихан Қалижан, Кәрімбек Құрманәлиев, «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі Амантай Шәріп қатысты.
Жұмыс • 25 Қаңтар, 2024
Әр елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын еңбек миграциясына қарап бағалауға болады. Бізге еңбек мигранттары Өзбекстан, Қырғызстан секілді көрші, одақтас мемлекеттерден келіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, тағысын тағы бірнеше салада еңбек етсе, ал еліміздің жастары Оңтүстік Кореяға, Еуропаға жол тартады.
Пікір • 25 Қаңтар, 2024
Кейінгі жылдары айналамызда – туған-туыс, дос-жаран, әріптестер мен құрбы-құрдастар арасында шетелге кету, уақытша жұмысқа тұрып, ақша табу, тіпті біржола қоныс аудару туралы әңгімелер жиі айтылып жүр. Шыны керек, бұл ұсынысты құр талқылап қана қоймай, тәуекелге бел буып, шетел асып кеткендері де аз емес.