Жәдігер • 24 Қаңтар, 2024

Қанағаң ұстаған домбыра

233 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Академик Қаныш Сәтбаевтың Баянауылдағы мемориалдық музейі таутұлғаның мерейтойына орай облыс орталығына «Қазақтың Қанышына – 125 жыл» атты көшпелі көрмесін алып келді. Қанағаңның жеке заттары мен өмір қатпарларынан сыр шертетін фотожәдігерлер ғалымның қилы тағдырынан біраз сырды ұқтырғандай.

Қанағаң ұстаған домбыра

Бұқар жырау атындағы Әде­биет және өнер музейінде өт­кен көшпелі көрмеде Қаныш Иман­­тай­ұлының 30-ға жуық жәді­гері ұсынылды. Оның ішінде ғалым­ның жеке пайдаланған заттары, әйгілі «Алгебра» оқулығының жаңартылған нұсқасы, домбыра­сы мен құжаттары, минералды тастар жиынтығы бар.

Қаныш Сәтбаевтың руханият пен өнерге жақын болға­нын ел ішіндегі әңгімелер нақ­ты­лай түседі. Кезінде Александр Затаевичтің қазақтың мың әні мен күйін нотаға түсіруіне Қана­ғаң түрткі болған. Әрі зерттеу­ші­ге ұлтымыздың 25 әнін айтып бер­ген. Оның ішінде «Екі жирен», Ақан серінің «Мақпалы», Жаяу Мұсаның «Башқұл­байы», Естайдың «Қорланы», фольк­лор­лық мұрадан «Қисса ән сарыны», «Арғы жағы-ай Ертіс­тің» тарихи әні, «Ажар сарыны», «Жарылғап сарыны», «Әлди, бө­пем», тағы бас­қалары бар.

нг

Академик өмірінің соңғы жылдары ұстаған сары домбыраны өзі 50-ге толғанда қызы Шәмшия­бану сыйға тартқан екен. Сол тойға кеңестік 15 республика­ның академиктері жиналып, Қаңаға­ңа деген айрықша құрметтерін көр­сетсе керек.

«Жалпы, Алматының өзінде Қаныш атамызға арналған үш музей бар. Әйтсе де, жеке зат­та­ры­ның ең көбі Баянауылдағы музейін­де шоғырланған. Шамамен мың­ның үстінде ғалыммен байла­ныс­ты заттар мен бұйымдар бар. Баян­ауылдағы музей Қанағаң қай­тыс бол­ған жылы, ауданда өндірістік тә­жірибеден өтіп жүрген сту­дент­тердің ұйытқы болуымен Қа­зақ­­станда алғашқы болып ашыл­ған. Алғашқыда мәдениет үйін­­де кабинет ретінде тұсауы ке­сілсе, кеңейе келе қазір үлкен бір ғи­маратты алып отырмыз. Музей ашылғанда қыздары әке­сіне қатысты дүниелердің көбін тапсырған. Өмірінің соңғы жыл­дары ұстаған зерлі таяғы, көзіл­дірігі, «тройка» костюм-шалбары мен былғары жеңіл аяқкиімі, қаламсабына дейін жарқырап тұр», дейді Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің басшысы Қайыргелді Абылғазин.

рл

Екінші дүниежүзілік соғыс­та жауға атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда, Қанағаң бастаған геологтер іздеп тапқан металдардан жасалғанын мектеп оқулығынан бастап жақ­сы білеміз. Фашистер Украи­на­ны басып алғанда Жоғарғы бас қолбасшының тапсырмасы бо­йынша ғалым Қарсақпай­дан ­38 күннің ішінде марганец ке­нін ­тауып, шахтаны толық іске қосқан. Осы және өзге де еңбек­тері үшін кейін 4 мәрте Ленин орденімен, 1 рет Мемлекеттік сый­лықпен марапатталған. Ол кезде Ленин орденімен екінші мәрте ма­рапатталғанда Социалистік Еңбек Ері атағы берілген екен. Алайда Қаныш Имантайұлы байдың тұ­қымы екені назарға алынып, мұн­дай ұсыныс жоға­ры жаққа жасалмаған. Айтып өте­йік, Қ.Сәтбаев Семей­­де бірқатар ­Алаш қайрат­керлерімен бірге білім алды. Оның ішінде әйгілі жер­лесі Жүсіпбек Аймауытұлы бар. Ал заң­ғар жазушы Мұхтар Әуезов алғыр Қанышпен жиі кеңесіп отырған. Алматыдағы Орта­лық зиратта қос тұлға қатар жерленген.

 

Павлодар облысы