Оқиға • 25 Қаңтар, 2024
Әгәрәки, Рабатқа (Марокко) жолыңыз түсе қалса, орталық базардағы қаз-қатар тізілген кітап дүкендеріне соғарсыз. Дүкен дегенде жерге жая салған жайма базар ғой. Аты да жоқ, сөресі де жоқ, сарғайған ағаш есігі айқара ашылған, арғы жағында тау боп үйілген кітаптар... Бір қарағанда, «кітап үңгірі» ме дерсің.
Таным • 25 Қаңтар, 2024
Автокөліктің қуатын әлі күнге аттың күшімен есептейді. Ал ақылдың, жанның, рухтың, түйсіктің, сезімнің, ойдың, қуаныш пен қайғының күшін ше? Осы ғажаптың бәрін үйлестіріп, бір нүктеде ұстап тұратын адамның қабілет қуатын ше? Компьютер ме, әлде компьютер басты пенделер ме, мүмкін болашақтың «иесі» роботтар өлшейтін шығар?
Мәдениет • 25 Қаңтар, 2024
75 әдебиет және өнер қайраткері мемлекеттік стипендиямен марапатталды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 2023 жылы 75 әдебиет және өнер қайраткеріне мемлекеттік стипендия тағайындалды. Бүгін Алматы қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 25 Қаңтар, 2024
Жазушы Төлен Әбдіктің «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» атты хикаятын оқымаған жан кемде-кем шығар, сірә. Шығармада Қожабек қария ел-жұртқа жастайынан аты шығып, енді үйленгелі жүрген баласынан аяқ астынан айырылып қалды. Артында тұяқ қалмады. Бір әулеттің тұқымын бір өзімен біржола тоқтатты да кете барды. Қайғыдан қан жұтқан қарияға ұлының бірге оқыған жолдасы одан бала қалғанын айтады. Хабарды естігеннен кейін қартта дегбір қалмады. Бір күні кемпіріне «сұраған біреу-міреуге дәрігерге кетті дерсің», деп қалаға ұрпағын іздеп жолға шығады. Қысқасы, оқиға осылай өрбиді. 1983 жылы хикаят желісімен «Өтелмеген парыз» атты көркем фильм түсірілді. Режиссері – Серік Жармұхамедов, сценарийін Смағұл Елубай жазды.
Айбын • 25 Қаңтар, 2024
Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында Әскери кеңестің кеңейтілген отырысы өтті
Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың төрағалығымен Әскери кеңестің кезекті кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметііне сілтеме жасап.