Қоғам • 24 Қаңтар, 2024

Гимнастикаға қызығушылар көп

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында жастар, әсіресе мектеп оқушылары арасында көркем және эстетикалық гимнастикаға қызығушылар саны артып келеді. Қазіргі таңда аталған спорт түрімен мыңнан астам бала шұғылданады. Облыстық көркем және эс­тетикалық гимнастика федерациясының жуырда ғана тағайындалған президенті Аида Садат­­қызы «Меловой» спорт кешеніне барып, жаттық­тырушылардың жұмысымен танысып, жаттық­тырушылар мен спортшыларға жылы лебізін білдірді.

Гимнастикаға қызығушылар көп

«Гимнастика та­бан­дылықты талап етеді. Спорт­­­тық жолыңда кезік­кен ке­дергілер мен қиын­дық­тар­ға мойымау керек. Рес­­публикалық, халық­­аралық бай­қау­ларда өнер көрсету үшін үз­дік­­сіз даярлық, жүйелі жат­тығу қажет. Алдағы Шымкент қала­сында өтетін Қа­зақ­стан чемпионатында жеңіс тілеймін», деді Аида Са­датқызы.

Бибігүл Ерназарова облыстық федерацияда 2016 жылдан бері қызмет етеді. 9 жасынан бері гимнастикамен айналысатын тәжірибелі спортшының жаттықтырушы ретін­де ең­­бек өтілі 30 жыл­ға жу­ық­­тайды.

«5 жастан бастап қыз­дар кіші, орта және үлкен топ­тарда жаттығады. Жас ерекшелігіне қарай жат­тығу уақыты 1–4 сағатқа дейін созылады. Жарыс ал­дында дайындықты күшей­теміз», дейді ол.

2024 жылы наурыз­да Маңғыстау облысын­да көркем және эсте­тикалық гимнастикадан рес­пуб­ли­калық жарыс өтеді. Атал­ған жарыста облыс бірін­шілігінде іріктелген әр разрядтан 3 топ, 5 спортшы облыс намысын қор­ғайды.

Өздері үшін барлық жағдай жасалған спорт кешенінде балғын гимнас­тар қауырт дайындыққа кіріскен.

 

Маңғыстау облысы