Ауыл • 25 Қаңтар, 2023
Байзақ ауданына қарасты Ақбұлым ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан Ботамойнақ үңгіріндегі пиктограммалар туралы нақты деректерді табу – қиынның қиыны. Бір анығы, шатқалда орналасқан үңгірдің пішіні ботаның мойнына ұқсас болғандықтан, жергілікті жұрт «Ботамойнақ» деп атап кеткен екен.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023
Талдықорған тұрғыны өз еркімен сұрыптап, бөлектеп жинаған тұрмыстық қатты қалдықтардың кәдеге асыратындарын қабылдаушыларға өткізіп, одан түскен ақшаны қайырымдылық қорларына аударады. Ол осылайша қоқысты сұрыптап, қайта өңдеу арқылы экологияның тазалығына үлес қосып қана қоймай, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, алғыс арқалауда.
Экология • 25 Қаңтар, 2023
Науырзым қорығында дала қасқырларын бақылау шаралары жүріп жатыр. Қорық басшысының орынбасары Еламан Күмісбековтің айтуынша, 17 қаңтардан бері Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының мамандары мен қорықшылары орман алабы мен оған іргелес жатқан ой-қырды кезіп, із кесіп, дала бөрілерін барлайды. Табиғат аясындағы барлау шаралары 10 күнге созылмақ.
Экономика • 25 Қаңтар, 2023
Әлібек Қуантыров «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасымен кездесті
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023
Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Тереңкөл ауылдық округіне қарасты «Үміт» шаруа қожалығының малына әлдеқайдан ауып келген теңбіл бұғы қосылып кеткен.