Ауыл • 25 Қаңтар, 2023

Ботамойнақтағы беймәлім таңба

341 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Байзақ ауданына қарасты Ақбұлым ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан Ботамойнақ үңгіріндегі пиктограммалар туралы нақты деректерді табу – қиынның қиыны. Бір анығы, шатқалда орналасқан үңгірдің пішіні ботаның мойнына ұқсас болғандықтан, жергілікті жұрт «Ботамойнақ» деп атап кеткен екен.

Ботамойнақтағы беймәлім таңба

Қырғыз Алатауының теріскей тұсын­дағы шатқалға барған халық осы бір үңгірдің тарихына қатты қызығып жатады. Әсіресе, пиктограммалар туралы дәйекті деректерге толықтай қаныққысы келетіндердің қарасы қалың екені даусыз. Алайда тарихи орынға барушылар көкейдегі сауалдарына толықтай жауап ала алмай жүр.

Шатқалдағы жолмен бес шақырымды артқа тастап, аптығып жеткен жұрт үңгір­дің кіреберіс тұсы тар екенін бірден аң­ғарады. Ішке қарай бір адам ең­кейіп әрең дегенде өтеді. Тас қараңғы үңгірге кірген адам екі жақтағы қабырғаны бойлап жү­ріп келе жатып, жарықтың көме­гімен әлд­е­бір жазулар мен таңбаларды бай­қай­тыны анық. Үңгірдің кіреберістегі ені 40-50 сантиметр ғана болса, біраз жүр­геннен кейін 1,5 метрге дейін жетеді екен.

Ақбұлым ауылының тұрғыны, өлке­танушы Жамбыл Беспаевтың деректері арқылы ғана үңгірдің тарихына аздап болса да бойлауға мүмкіндік бар. Өйткені ол тарихи орынды хал-қадерінше зерттеп, әлденеше рет мақала жазған екен.

«1964 жылдың cәyip aйындa осы бір үңгipгe кipдік. Кіреберісі тapлay бoлғa­нымeн, iші eкi-үш кici қaтap жүpe алатындай кeң болатын. Қaбыpғaдa ұзыннaн ұзaқ жазулар тұратын. Аталмыш жазбалар мен таңбалардың тарихы әріде жатқаны рас. Қызығyшылықпeн үңгір ішін мен де араладым. Ылдилaп бipaз жүpгeн кeздe тiк төpтбұpышты бөлмeгe ұқсас шұңқырды кeздecтipдім. Биiктiгi – 2 мeтp, қaбыpғaларының eнi 3 мeтpдeй бoлғaн. Yңгip eкi бағытта жалғасады. Aяқ жaғы айтарлықтай тaр еді. Адaм дe­нeci cый­мaйтындaй жepгe дeйiн бapып қaйт­қан едім», дейді ол жазбаларының бірін­де тарихи орын туралы ойымен бөлі­сіп.

Деректерге сенсек, бүгінде үңгip ішіндегі қaбыpғaлapдaғы әртүрлі жaзy­лap мeн тaңбaлap қираған деседі. Тіпті тарихи құндылықтар үңгірдің табанына түскен. Жазулар мен таңбалардың бүлінуіне уақытында болған жер сіл­кінісі де айтарлықтай әсер еткен дейді білетіндер. Табиғаттың тосын мінезі бол­маса, тұтас тарих қаз-қалпында сақ­талар ма еді, кім білсін?

«Алдымыздан кездескен қиын­дық­тарға қapaмacтaн, кeйбip жaзy­лap мeн тaңбaлapды тaбyдың peтiн тап­қан едік. Yңгip iшiндeгi жoғapы жap­қaбaқтан aтқa мiніп, қoлынa caдaқ ұстаған адамның сұлбасын анық бай­қадық. Кей жерлерде жазулармен ай­шық­талған тастар жазуы жоғары қараған күйінде үңгірдің табаны­на түскенін де көз шалған. Біздің пайымдаумызша, мұндағы тарихи таң­балар шығыс жазбаларына ұқсайды», деп сипаттайды Ж.Беспаев.

Үңгірдегі тіршілік табы адамзат бала­сының бұл маңды ықылым заман­нан-ақ мекен еткенін айғақтай түссе керек. Өйткені беймәлім жазбалар мен атқа мініп садақ ұстаған адам бейнесі­­нен байырғы тарихи кезең іздерін аңғар­ғандай боласыз. Дүниеде көргені мен көкейге түйгенін тасқа қашап жазу – дала өркениетінің бір нышаны. Оған ешкімнің де таласы жоқ шығар. Тіпті ондағы таңбалар ықылым замандағы адамдардың болашаққа қалдырған аманаты болмасына кім кепіл?!

Қалай алып қарасақ та, Ботамойнақ үңгірінің тарихы әріде жатқаны талас тудырмаса керек. Ондағы таңбалар мен бейнелерді зерттеу, зерделеу жұмыстары жүр­гізілетін күн де алыс емес шығар деп пайымдаймыз. Өйткені өлке тарихы кімді де болсын бейжай қалдырмайды. Ал Жамбыл жері – тарихтың кені.

 

Жамбыл облысы,

Байзақ ауданы