Руханият • 27 Қаңтар, 2020
«Ассалаумағалейкум!», «Қайырлы күн!». Дәл осылай ақ ниетпен, жылы жүзбен амандасу жақсылыққа бастайды. «Өзіңнің көңіліңді жайландырамын десең, әуелі өзгенің көңілін жайландыр» дегендей, шын ықыласпен көтермелеп, жақсы рәуіште бір-екі ауыз жылы сөз арнау – әлімсақтан сауап іс.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2020
Мысты қалада мылтық неге атылды?
Жезқазған қаласында болған бұл қанды оқиғаның Қарағанды өңірін ғана емес, бүкіл елді елең еткізгені рас-тын. Өйтпегенде ше, айдың-күннің аманында қолына атыс қаруын алған адам өзінің жоғары лауазымды әріптесінің қызметтік кабинетіне баса-көктеп кіреді де, оны және тағы бір әріптесін пышақтап, соңынан өзіне қол салған. Адам айтса сенгісіз, шытырман детективке бергісіз жағдай...
Қоғам • 27 Қаңтар, 2020
Негізі бизнес бастау қиын емес. Қаржысы бар адам жоспар құрып, түрлі жобалар бойынша кәсібін бастай береді. Бірақ бизнесті қарқынды дамыту қиын. Әрине, мемлекет шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін қаншама көмек жасап жатыр. Атап айтқанда, бизнеске қолдау көрсету мақсатымен түрлі тексерістер жүргізуге мораторий енгізілді. Шағын және микро бизнес салықтан босатылды. Осының нәтижесінде елімізде қолға алған кәсібін дөңгелетіп, қаншама адамды жұмыспен қамтып, сапалы өнім шығарып жатқан кәсіпкерлер көп. Қалай айтсақ та, бұл сала ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс беріп, жұмыссыздықты азайтуы тиіс.
Саясат • 27 Қаңтар, 2020
Рейтинг бойынша жағдайымыз жақсара түсті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Transparency Kazakhstan сауалдамасының 2019 жылға арналған аралық қорытындылары туралы жеткізді.
Әлем • 27 Қаңтар, 2020
Түркия: зілзаладан қаза тапқандар саны 31-ге жетті
Түркияның шығысында осы жылдың 24 қаңтарында сағат 20:55-те 6,8 балл қуатымен болған жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жарақат алғандардың саны бойынша жаңа деректер тіркелуде. Нақтылай айтқанда, «Анадолы» агенттігінің ұсынған мәліметтеріне қарағанда, аталған жер сілкінісінен қаза болғандар саны 31-ге жеткен, ал медициналық көмекке 1566 адам жүгінген.