Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021
Тұрғындар онлайн қабылдауда ойда жүрген сауалдарын қойды
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Елмұрат Рахматуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онлайн қабылдауда тұрғындар үй, жер және коммуналдық салаға байланысты сауалдар қойды.
Коронавирус • 27 Қаңтар, 2021
Өткен тәулікте 1 398 адам коронавирустан айықты
Қазақстанда 1 398 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 27 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында белгілі Сартай батыр Байжанұлының ашамайы сақталған. Бұл ашамайды Есет батыр немересі үшін арнайы шаптырған екен.
Саясат • 27 Қаңтар, 2021
Қытайдың Африкадағы «қаржы қармағы»
«Жұт жеті ағайынды» демекші, коронавирус пандемиясы әлемді бірқатар қиындыққа душар етті. Індет салдарынан көптеген жұмыс орындары жабылып, қызмет көрсету салалары үлкен шығынға ұшырады. Бұдан бөлек, Covid-19-ға қарсы вакцина әзір болғанымен, оны жеткізу, тасымалдау мәселесі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында коронавирустың теріс әсерлері туралы сөз қозғалады. Принстон Университетінің биоэтика профессоры Питер Сингер коронавирусқа қарсы вакцинаны егуде кезігетін қиындықтарды этикалық тұрғыда талдайды. Оның айтуынша, екпе бірінші кезекте денсаулық сақтау саласының мамандарына салынуға тиіс. Бұған талас жоқ. Алайда екінші кезекте кімдерге вакцина егілуі керек? Мақала авторы бұл мәселеге этикалық тұрғыда қарауды ұсынады. Яғни тізімді түзер кезде қария кісілерді ғана емес, нәсілдік және этностық ерекшелікті де ескеру қажет. Queen Mary университеті Жаһандық саясат институтының халықаралық экономика профессоры Паола Субачки коронавирус пандемиясы Африкадағы кедей мемлекеттерге ауыр соққы болды деп есептейді. Мақала авторының айтуынша, Бейжің билігі «қара құрлықтағы» дамушы елдерге шарттары қатаң несиелерді көптеп беріп, оларды қармағына түсірді деп жазады. Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
Әлем • 27 Қаңтар, 2021
Вакцинаны бөлу мәселесі «бас қатырып» тұр