Таным • 27 Қаңтар, 2021
Шәкәрім өсиетіне арналған сабақ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021
«Бестікке» енген өңірдегі бетбұрыс
«Transparency Kazakhstan» халықаралық үкіметтік емес ұйымы жүргізген әлеуметтік сараптама қорытындысы бойынша Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен өңірлердің басында тұрған алғашқы бестікке Қостанай облысы да еніп отыр. Аталған ұйымның ұйғарымынша, жергілікті азаматтардың 97,6%-ы жеке мәселелері бойынша мемлекеттік мекемелерге жүгіну барысында сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін бірде-бір заңсыз ишара-әрекетті кездестірмеген.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2021
Қоғаммен байланыс қолдау тапты
Адалдықтан аттамайтын қоғам құру үшін жемқорлыққа қарсы амалдар мен әрекеттерді барынша насихаттау, жалпақ жұртқа жеткізу аса қажет-ақ. Отандастарымыз заңнан аттамаудың маңызын ұғынып, осынау жағымсыз әрекеттің мәніне үңілген кезде ғана әлем сүйсінетін, болашақ ұрпақтың үмітін үкілей алатын мемлекет құра аламыз. Осы бағытта оң қадамдар жасалынып та жатыр.
Медицина • 27 Қаңтар, 2021
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакциналау азаматтардың келісімімен ерікті түрде жасалады және 18 жасқа толмаған балаларға екпе салынбайды, деп хабарлады.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2021
Былтыр Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының құрылғанына 75 жыл толды. Институт Кеңес Одағының фашизмге қарсы екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуі тұсында құрылды. Бұл соғысты Кеңес халықтары фашистік Германияға қарсы «Ұлы Отан соғысы» деп атаған еді. Соғыстан тұралап шыққан елдің, күйреген экономиканың, миллиондаған адамдардың өмірі қиылған трагедияның орын алуына қарамастан Қазақстанда 1945 жылы Тарих, археология және этнография институты құрылды. 1941 жылдан бері бұл ғылыми ұжым Тіл, әдебиет және тарих институты құрамында болып келген еді. Жаңа институттың ашылуына 1944 жылғы 6 желтоқсандағы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы және 1945 жылғы 14 тамыздағы КСРО ҒА Қазақ филиалының Президиумының қаулысы негіз болды. 1961 жылы қаңтар айында институтқа қазақ академиялық ғылымының негізін қалаушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі берілді. 1991 жылдың қыркүйегінен бастап институт Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты болып аталды. Мен осы өзгерістердің куәсі болдым.