Таным • 27 Қаңтар, 2021

Шәкәрім өсиетіне арналған сабақ

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.

Шәкәрім өсиетіне арналған сабақ

Ұлтымыздың көрнекті өкілдері­нің­ бірі, дала ойшылы, философ, ақын Шә­кә­рім Құдайбердіұлы – әде­биеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Ол адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді ерекше жырлады. Қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.

Онлайн-дәріс барысында жас­тар ақынның адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен та­нысты.

Ақын «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық ар үшін жи», деп бақыттың өзі адал­дыққа негізделетінін айта келіп, пара­сатты тұлға болып қалыптасу үшін адам бойында асыл қасиеттердің бо­луы керектігін ашып көрсеткен.

Шәкәрімнің асыл ойлары адал­дық, әділдік, ынсап, әділет, мейірім сияқты асыл қасиеттерді кірлетпеуге негіз­делген.

Ақын жастарға:

«Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,

Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.

Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,

Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи», деп өсиет еткен.

Шәкәрім өсиеті қазіргі өркениетті заманда да өз құндылығын жоймайды, ол барша адамзаттың жан дү­ние­сінің айнасы болуы қажет. За­мандас жастардың міндеті – дала ойшылы жырлап өткен ар, борыш, адалдық сынды қасиеттерді өз бойларына дарыта білу.

Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистр­лігінің қолдауымен бейнесабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетілді, сондай-ақ агенттіктің Youtube арнасында және әлеуметтік желіде орналастырылды.