Экономика • 27 Қаңтар, 2021
Қызылша мен қамыс – өңдегенге табыс
Жетісуда қант қызылшасын өсіру дәстүрі қайта жаңғырғалы бері тәтті түбір егілген танаптар саны көбейді. Бұл үдеріс елдегі диқан мен шаруаның ісін ілгерлетіп, тұрғындарды еңбекпен қамтуға да оң әсер етуде. Ал қант қызылшасынан алынған өнімнің артуы өңірдегі өндірістің де жұмысын жолға қойып отыр.
Таным • 27 Қаңтар, 2021
Мәскеу фестиваліне барғанда...
1985 жылы кешегі келмеске кеткен Кеңес Одағының айдай әлемге әйгілі астанасы – Мәскеу қаласында жастар мен студенттердің дүниежүзілік XII фестивалі өткенін бүгінде біреу білсе,біреу білмейді.Жер шарының түкпір-түкпірінен жиналған жалындап тұрған жас жүрек иелерінің аталған басты бас қосуына, әрине, күн сәулетті Қазақстаннан да (о тұста осылай деп жиі айтушы едік) үлкен делегация қатысты.
Экономика • 27 Қаңтар, 2021
2015 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі атанды. Іргелі ұйымның табалдырығын аттаған 162-ші мемлекет ретінде тарихқа енді. ДСҰ талаптарына сәйкес, жаңадан қабылданған мүше мемлекеттерге бес жылдық өтпелі кезең беріледі. Бұл елдердің етек-жеңін жинап, дайындығын пысықтауы үшін қажет. 2020 жылдың соңында Қазақстанға берілген өтпелі кезеңнің уақыты аяқталды. 2021 жылдың келуімен біздің ел алыс-беріс пен барыс-келістің жаңа кезеңіне қадам басты.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021
Елдің ыстық ықыласына бөленген танымал айтыс ақындарының қатарында атыраулық Салауат Исахаев та бар еді. Алайда сұм ажал оның өмірін қиып кетті. Енді оның айтыстағы жолын ұлы Ернұр жалғастырғалы отыр. Жақында ол «Хабар» агенттігі ұйымдастырған «Аitystar» тележобасының жеңімпазы атанды.
Спорт • 27 Қаңтар, 2021
«Даңқың қайда төске өрлеген?..»
Бәрі күні кешегідей көз алдымызда. Ауыр атлетикадан Қазақстанның ұлттық құрама командасы қандай жарысқа қатысса да, әркез алдыңғы лектен көрінді. Отандық зілтеміршілер Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарынан бастап, өзге де байрақты бәсекелерде түрлі-түсті жүлделерді «күреп» алып, командалық есепте үнемі үздік үштіктің қатарында жүрді. Жеңістен соң жеңіс! Рекордтан кейін рекорд! Дәл сол кездері күллі әлем жанкүйерлері бізге қызыға да, қызғана қарайтын. Қазір соның барлығы келмеске кеткендей...