Сатира • 31 Қаңтар, 2025
Баяғы бұйрық. Жездемнің тілеуін беріп, аспирантурасын тәмамдаған жеріме мұғалім боп бара қалдым. Дереу жездеме жеткізіп едім, әлгі не деуші еді, төбесі төбеге екі-ақ елі жетпеді-ау.
Егемен Қазақстан • 31 Қаңтар, 2025
Ұлтын сүймеген елін жарылқамайды Ауылдағы жеті жылдық орыс мектебін бітіріп, қаладағы техникумда білім алуды жалғастырдым. Сосын институт. Барлық жерде орыс тілінде оқығаным айтпаса да түсінікті шығар. Сөйтіп, осы тілді кейбір орыс азаматтарынан кем білген жоқпын. Кезінде мұның пайдасын да көргенім рас. Бірақ осының бәрі ұлттық рухыма айтарлықтай кері әсерін тигізе алмады, өйткені далада өстім, ата-анам қазақтың қадір-қасиетін санама мықтап сіңіре білді. Үйде тек ана тілімізде сөйлестік. Міне, осының бәрі жинала келе, қазақы болмысымның қалыптасуына негіз қалады.
Ауа райы • 31 Қаңтар, 2025
Үш облыс аумағында 3 жол бөлігі жабылды
Ауа райына байланысты «ҚазАвтоЖол» 3 облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Қаңтар, 2025
«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы құрылды
Үкімет қаулысына сәйкес Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай базасында «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды, аталған аймақ 2049 жылдың соңына дейін жұмыс істемек, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 31 Қаңтар, 2025
Digital Almaty форумында ЖИ жетістіктері сараланды
Industrial AI әлемдік экономиканың кез келген саласында сұранысқа ие бола бастады. Бүгінде медицина, білім беру, креативті индустрияны жасанды интеллектісіз елестету мүмкін болмай отыр. Жасанды интеллекті тұрақты дамуда (ESG), киберқауіпсіздік, қаржы секторына, медицина мен биотехнологияда ғана емес, тіптен спортта да тиімді пайдалануға болатынына Digital Almaty форумындағы жобалар дәлел.