Мәдениет • 30 Қаңтар, 2025

Театр ұжымы: ескі ғимарат қызметкерлер өміріне қауіп төндіріп тұр

63 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыдағы Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театрының бас режиссері Ирина Симонова 80-ші жылдары салынған, мәдениет пен өнердің орталығы болған өнер ордасының  ғимараты қирау алдында тұрғанын, ешқашан күрделі жөндеу көрмегенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Театр ұжымы: ескі ғимарат қызметкерлер өміріне қауіп төндіріп тұр

Фото:іnbusiness.kz

«Бүгінде ғимарат қызметкерлер мен суретшілер үшін де, көрермендер үшін де қауіпті орынға айналды. Қапталған плиталардың құлап қалуы да ғажап емес, ал бұл  өтіп бара жатқан адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Іші де жетісіп тұрған жоқ. Жаңбыр жауса театр ішіндегі көріністерді, аудитория, киім ауыстыратын бөлмелер мен қосалқы бөлмелерді су басып қалады. Көрермендер залының едені әлдеқашан тозған, ағаш палуба да жүктемеге төтеп бере алмайды», деді.

Бас режиссердің айтуынша, күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі туралы мәселе бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Ғимаратта сонымен қатар театр шеберханалары мен цехтарын, декорацияларды сақтауға арналған қоймаларды орналастыруға болатын қосалқы бөлмелер жетіспейді.

«Біз қала әкімдігі мен Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тікелей қолдағанына ризамыз. Театрда барлық жабдықты ауыстырып, күрделі жөндеу жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар әдемі галереяны бұрыннан бар ғимаратпен қосатын жаңа ғимарат салады деп күткен жоқпыз. Енді  жаңа  ғимарат салынса, оған 200 көрермен орны бар камералық сахна орналасады. Заманауи технологиялық шешімдермен жабдықталған екі жаңа сахна біздің театрға жоғары деңгейлі театр орталығы болуға мүмкіндік береді. Бұл заманауи театр қойылымдарын жүзеге асыруға, ірі театр компанияларының гастрольдерін өткізуге, көрмелер, дәрістер мен концерттер ұйымдастыруға мүмкіндіктер ашады. Театр балаларды, жасөспірімдерді және ересектерді тарта отырып, бүкіл отбасы үшін мәдени орынға айналады. Біз көрермендердің көңілін көтеріп қана қоймай, әлі де жоғары миссияны лайықты атқарып келеміз», деді Ирина Симонова.