Қоғам • 21 Қазан, 2022
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай 5 қыркүйекте Алаш арысының кіндік қаны тамған Ақкөл ауылынан Анадолы еліне дейін велошеру ұйымдастырған жерлесіміз Ернат Мелсұлы Анкараға жетті.
Елорда • 21 Қазан, 2022
Елордада ақын, аудармашы, Мәдениет қайраткері Марфуға Бектемірованың тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылды. Мазмұнды іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары, ақынның туған жері – Ақмола облысынан келген жерлестері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Спорт • 21 Қазан, 2022
Алдымен Фалькао, содан кейін Лара
Дүниежүзілік бокс ассоциациясы (WBA) мен Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы осы тұжырымдардың чемпионы Геннадий Головкинге осындай талап қойды. Яғни даңқты жерлесіміз IBF шешімі бойынша алдымен кәсіпқой бокста есім-сойы көпшілікке белгісіз бразилиялық Эскиве Фалькаомен (30-0, 20 КО) жұдырықтасып, белбеуін қорғауы тиіс. Егер оны жеңіп жатса, кейінен WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан үміткер кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) қолғап түйістіруге міндетті.
Аймақтар • 21 Қазан, 2022
Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде сатирик жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы дәстүрлі «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрларының байқау-фестивалі өтті.
Өнер • 21 Қазан, 2022
Көктем мен жазға қарағанда қоңыр күз түрлі-түсті көрінеді. Оның бойында көктемнің де, жаздың да қасиеттері бар. Сол сияқты Астананың кеші де әр түсті, әр тарапты. Бір шетте опера мен балет қойылып жатса, екінші жағында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцертте» әлдебір концерт, кештер өтіп жатады. Соның біріне өткен сейсенбінің кешінде куә болдық. «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі «Қазақконцертте» «Folk&Symphony» атты кеш берді.