Өнер • 21 Қазан, 2018
Қорабай Есеновтің «Мәңгілік шырақ» атты мерейтойлық концерті өтті
Қарағандыда белгілі әнші, әуесқой композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қорабай Есеновтің «Мәңгілік шырақ» атты мерейтойлық концерті өтті. Шығармашылық кешке арнайы келіп қатысқан облыс әкімі Ерлан Қошанов өзінің құттықтау сөзінде Қорабай Есенов әндерінің ұлттық музыка өнерінің алтын қорына еніп, шын мәнінде халық игілігіне айналғанын атап өтті.
Қазақстан • 21 Қазан, 2018
Туризмді дамыту жайы халықаралық форумда талқыланды
Талдықорған қаласында «ZhetysuTravel» халықаралық туристік форумы өтті. Еліміздің барлық аймағы мен Қытай, Испания мемлекеттерінен арнайы өкілдер қатысқан жиын Елбасы Жолдауындағы міндеттерді және цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Спорт • 21 Қазан, 2018
Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен Батыр Баян атындағы республикалық турнир өтті
Қазақ күресінен Батыр Баян атындағы ашық турнирге еліміздің сегіз өңірінен сайдың тасындай іріктелген палуандар жиналып, 74 килодан жоғары салмақ бойынша өзара күш сынасты.
Әдебиет • 21 Қазан, 2018
Музейге қатысты мәселе талқыланды
«Түркістан жазирасының қыш ыдыстары» мен «Зергерлік бұйымдар топтамасы» деп аталатын альбом-каталогтар, сондай-ақ «100 аңыз» кітабы және «Жетпіс хикмет» кітабының латын әліпбиіндегі нұсқасы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай жарық көрді.
Әдебиет • 21 Қазан, 2018
Қостанайда Қайнекей Жармағамбетовтың 100 жылдығы аталып өтті
Биыл ақын, әдебиетші, замандастары энциклопедиялық білім иесі деп бағалаған Қайнекей Жармағамбетовтың туғанына 100 жыл толды. Ол өзінің кіндік қаны тамған Жангелдин ауданында аталып өткен болатын. Енді облыс орталығында ірі тұлғаға арналған кештер өтіп жатыр. Соның бірі бүгін Қостанай мемлекеттік педагогика университетінде және облыстық Л.Толстой атындағы әмбебап кітапханасында өтті.