Спорт • 21 Қазан, 2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен Батыр Баян атындағы республикалық турнир өтті

86 реткөрсетілді

Қазақ күресінен Батыр Баян атындағы ашық турнирге  еліміздің сегіз өңірінен  сайдың тасындай іріктелген палуандар жиналып, 74 килодан жоғары салмақ бойынша өзара күш сынасты.

Жарыстың ашылу салтанатында  сөйлеген сөзінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров спортшыларға табыс тіледі.

Боз кілемге бірінші болып шыққан Түркістан облысының өкілі Ерсұлтан Мұзафаров Солтүстік Қазақстан облысының намысын арқалай келген қарсыласын таза жықты. Ол  екінші белдесуінде алаң иесі Алпысов Дулатты да еркін ұтып, бас  жүлдеден үміткер екенін танытқан еді. Алайда, 2014 жылғы «Азия барысы, екі дүркін әлем жеңімпазы Мұхит Тұрсыновтан жеңіліс тапты. Мұхит Шығыстың тумасы болғанымен, қазір «Қызылжар арландары» күрес орталығында  қызмет етеді. Мұхиттың алдын  Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, астаналық Сейтен Айбат орап кетті.

Сейтен Айбат ақтық белдесуде  М. Жұмабаев ауданының өкілі  Ақжігіт Ораловты  белдесу аяқталуға санаулы секундтар қалғанда қапы қалдырып, «Ұзынкөл» шаруа қожалығының жетекшісі Қанат Әлмұратов бас жүлдеге тіккен жеңіл көлікті қанжығаға байлады.

 Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар