Қаржы • 20 Қазан, 2022
Салық кодексі экономиканы өрге сүйрейді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда салық жүйесіне ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы оны жаңа экономикалық саясатты жүзеге асырудың маңызды құралы ретінде қарастырды. Себебі экономиканың тұрақты өсуі салық саясатының түсінікті әрі болжауға болатындай етіп жүргізілуіне тікелей байланысты. Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары Нұрлыбек Шаймахановпен өрбіген әңгімеде Жолдау жүктеген міндеттер жайы кеңінен қамтылды.
Қаржы • 20 Қазан, 2022
Жуырда өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Жиынға тиісті сала басшылары мен онлайн режімде өңір әкімдері қатысты.
Абай • 20 Қазан, 2022
«Абай оқуларын» арзандатып алмайық...
Кемеңгер Абайдың кемел ойлары мен жақұт жырларын сансыз ұрпақтың санасына сіңіріп, жадында мәңгілік жаттату ісінің мемлекеттік маңызды шаруаға айналғаны қашан?! Тіпті қылышынан қан тамған сонау кеңестік дәуірдің өзінде Абайды оқыту алдыңғы кезекте тұрды. Әсіресе бұл шаруа ұлы ақынның туып-өскен ортасы – Абай ауданының барлық мектебінде ерекше үрдіс алды. Сол кездегі Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аңыз адам марқұм Хафиз Матаев ұстаздардың алдына оқушыларға кем дегенде Абайдың 100 өлеңін жаттату міндетін қойды. Қазір шырт ұйқыда жатқан кез келген абайлықты оятып, ақынның бір өлеңін оқып жібер десеңіз, зуылдата жөнелетіні де сондықтан шығар.
Қоғам • 20 Қазан, 2022
Жазушы Талаптан Ахметжанның кітабынан оқыған бір аңыз еске түсіп отыр. Аңыз доңыз туралы. Алайда астарында адамзаттық мәселе жатыр.
Қоғам • 20 Қазан, 2022
«Екі қолға – бір күрек» тауып берген...
Жыл басынан бері өңірде 16 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Демек мыңдаған отбасының дастарқанына береке бітіп, игілігі арта түсті.