Қаржы • 20 Қазан, 2022

Тоғыз айдың табысы толайым

166 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Жиынға тиісті сала басшылары мен онлайн режімде өңір әкімдері қатысты.

Тоғыз айдың табысы толайым

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың хабарламасында есепті кезеңде респуб­лика экономикасының өсу қар­қы­ны 2,8%-ды құрағаны айтыл­ды. Салалар арасында ауыл шар­уа­шы­лығы – 6,9%, ақпарат және байланыс – 6,7%, құрылыс – 5,1%, көлік және қоймалау – 4,8%, өңдеу өнеркәсібі – 4,6%, сауда – 4,3% және тау-кен өнеркәсібі 0,1%-ға артып, оң динамика көр­сеткен.

Тоғыз айды саралаған министр Қы­­зылорда облысы негізгі капиталға салын­ған инвестиция бойынша жоғары өсім көрсеткенін атап өтті. Есепті кезең­де инвестиция тарту көлемін 24%-ға ұлғайт­қан облыс республикада көш басында тұр.

«Өңірлер арасында ең жоғары көр­сеткіш Қызылорда, Алматы және Ақ­мола облыстары мен Алматы, Шым­кент қалаларында байқалды», деді Ә.Қуантыров.

Есепті кезеңде өңірде құры­лыс жұ­мыстарының көлемі – 35,1%, инвестиция тарту – 24,%, пайдалануға берілген тұрғын үй­лер көлемі – 3,5 % және сауда кө­лемі 2,3 пайызға ұлғайған. Бұл өңірде қолға алынған бас­та­ма­лар­дың нәти­желілігін көрсе­те­ді.

Үкімет отырысында берілген шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру бойынша нақты шараларды пысықтау, сондай-ақ бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық және инфрақұ­ры­лымдық жобалар бо­йын­ша қара­жатты толық әрі тиімді иге­руді қамтамасыз ету тапсырмасына орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиын өткізіп, аймақта мұнай өндірісі азаюы салдарынан төмендеген өнеркәсіп саласынан бөлек макроэкономикалық өсім қалыптасқанын атап өтті.

Биыл 9 ай ішінде небәрі 3 млн тонна мұнай өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен са­лыс­тырғанда 191,8 мың тоннаға аз. Жыл сайын қо­ры сар­қылып келе жатқан «қара ал­тынға» байланып қалмай, экономиканы әртараптандыру бағытындағы бас­та­ма­лар нәтижесінде осы кезең аралы­ғында өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 8,6 пайызды құрады. Жыл соңына дейін облыстың ірі кә­сіп­орын­дары өндіріс көлемін арттыра түседі.

Өңірде уран өңдеумен­ айна­лысатын «Байкен-У» ЖШС – 15 %, ас тұзын өн­діретін «Аралтұз» АҚ – 50 %, мұнай сала­сына қажетті полиэтиленді құбырлар шығаратын «КНК Кемикал» ЖШС өнім көлемін 60 пайызға ұлғайтпақшы.

Өңдеу саласын дамытуға бағыт­талған Индустрияландыру бағ­дарламасының үшінші бес­жылдығы аясында өңірде жалпы құны 654 млрд теңге болатын 46 жоба бойынша жұмыс жүр­гізіледі.

Облыс басшысы қала әкімі Асылбек Шәменовке кәсіпкерлік және өнер­кәсіп басқармасы мен ста­тистика депар­та­ментімен бір­­лесіп өндеу өнер­кә­сібі ба­ғы­тында жыл қорытын­ды­сын­да ме­же­лі көрсеткіштерге жету үшін жұмыс жүр­гізуді тапсырды. Сондай-ақ ауыл шаруа­шы­лығы өнімінің нақты көлемі бо­­йынша Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжановқа да тиісті міндет жүктелді.

Жиын соңында өңір басшысы барлық индикаторлық көрсет­кіш­­ті жоғары деңгейде ұстап, кә­сіп­керлік нысандар ашу арқылы халық табысын көбейту, жаңа жобаларды дамытып, инвестиция тарту қарқынын әлі де күшейту қажет екенін еске салып, қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Қызылорда облысы