Қоғам • 22 Қазан, 2019
Сыбайлас жемқорлық қауіптері аз емес
Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық қауіптері қазақстандықтар үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Өкінішке қарай, жер қатынастары саласы жемқорлық үшін «құнарлы топырақ» екендігін мойындауымыз қажет. Мұны «Транспаренси Казахстан» компаниясының биылғы жылы жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижелері де дәлелдейді. Жер телімдерін алу, рәсімдеу сыбайлас жемқорлық себептерінің бірі болып отыр.
Қоғам • 22 Қазан, 2019
Екі медициналық пойыз еліміздің 40 мыңнан астам тұрғынына көмек көрсетті
«Денсаулық» медициналық пойызы Маңғыстау облысының 10 шалғай стансасы бойынша сапарын аяқтады. Пойыз мамандары жергілікті тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіп, бірқатар ауыр сырқаттарды анықтап, одан әрі емделу мен тексерістен өту үшін жолдамалар берді.
Қоғам • 22 Қазан, 2019
Павлодар өңіріндегі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының мәліметінше, биыл науқастарға көрсетілетін медициналық қызметтердің тәулік бойы және күндізгі стационарлық емдеу сапасы тексерілді. Мониторинг нәтижесінде емдеу орындарына 61,4 миллион теңге, ал күндізгі стационарлық емдеу қызметі бойынша тексеріс кезінде 2 миллион теңге айыппұл салынды.
Қоғам • 22 Қазан, 2019
Үлкен көлемдегі есірткі тәркіленді
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатады деген күдікпен Аққайың ауданының орталығы Смирнов кентінің 50 жастағы тұрғынын ұстады.
Технология • 22 Қазан, 2019
Елордада Тамос ғарыш мектебі ашылады
Бұл туралы Ұлттық ғарыш орталығында өткен «Tamos Space School» (Тамос ғарыш мектебі) жеке мектебінің құрылысына алғашқы тас қалау рәсімінде айтылды.