Құтқарушы • 19 Қазан, 2023
Өртке қарсы өжеттік таныту екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сол үшін де құтқарушы – мықтылар таңдайтын мамандық. Күн-түн демей, басын қатерге тігіп, тілсіз жауға, түрлі жағдайға қарсы аттанатын олар құрметке шынымен лайықты. Осы бір салада отыз жыл бойы еңбек етіп жүрген балқаштық Дәулет Долбаев та көп адамға екінші өмір сыйлаған.
Құтқарушы • 19 Қазан, 2023
Құтқарушылар жұмысы қашанда ақтара айтып, ақ алғысыңды білдіруге әбден лайықты. Мамандықтың түр-түрі бар, дегенмен жанын шүберекке түйіп жүріп, өзгенің өмірін қорғап қалатын өрендердің еңбегі – өз алдына бір төбе.
Шымкент • 19 Қазан, 2023
Шымкент донор шаһарға айнала ма?
Республиканың үшінші мегаполисі экономикалық өсім қарқыны бойынша өңірлер арасында алдыңғы орында келеді. Шаһарда іскерлік белсенділік өте жоғары. Бұл – экономикалық дамуда алға қарай жылжу бар деген сөз. Дей тұрғанмен мегаполис әлі дотациялық өңір саналады. Алушыдан беруші санатқа жоғарылау үшін не істеу керектігін тиісті сала маманынан сұрап білдік. Оған экономикалық негізгі көрсеткіштер жөніндегі статистикалық мағлұматтан кейін арнайы тоқталатын боламыз...
Қазақстан • 19 Қазан, 2023
Еліміз Дүниежүзілік мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері қауымдастығының (WAPES) 81-мүшесі болып қосылды.
Құтқарушы • 19 Қазан, 2023
Олардың жұмысы қауіп-қатерге толы. Күн сайын қызмет барысында басын бәйгеге тігеді. Өйткені адам өмірі бәрінен маңызды. Сол үшін өздерін құрбан етуге бар. Әңгіме кімдер жайында екенін аңғарған боларсыздар. Әрине, құтқарушылар туралы. Құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай олардың күн сайынғы ерлігін жазғымыз келді. Алайда ажалмен бетпе-бет жұмыс істейтін кәсіп иелері өзін бейбіт күннің батыры деп санамайды. Олар үшін адамды құтқару – ерлік емес, міндет. Сондықтан да төтенше жағдай қызметіндегі барша мамандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.