Мектеп • 19 Қазан, 2023
Елімізде 2023-2024 оқу жылының басында 13 мектеп пайдалануға берілді. Бұл 25 мыңға жуық балаға жайлы оқуға мүмкіндік сыйлайды. Нақтырақ айтқанда, 24 566 орындық оқу ошағы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен салынған.
Құтқарушы • 19 Қазан, 2023
Бағлан Алшынбаев Сәтбаев қаласындағы №2 өрт сөндіру бөлімшесінде қарауыл бастығы болып қызмет істейді.
Білім • 19 Қазан, 2023
Оқушы тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз
Оқу-ағарту министрінің арнайы бұйрығымен былтыр орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің және баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары бекітілгені мәлім. Сөйте тұра мектеп партасында отырған оқушылар арасында әлімжеттік оқиғалары азаяр емес.
Инвестиция • 19 Қазан, 2023
«Халықтық IPO»: инвестициялау кезеңі
Осыдан он жыл бұрын жария түрде алғаш рет еліміздегі компаниялардың акцияларын биржада сатылымға шығару жөнінде «Халықтық IPO» жобасы іске қосылған еді. Аталған жоба аясында ірі компаниялар мен біраз қалталы азаматтар ақша аудару арқылы инвестициясын ұлғайтқан болатын.
Қоғам • 19 Қазан, 2023
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Құтқарушылар күніне орай елордадағы «Құтқарушылар саябағында» орнатылған мемориалға гүл шоқтарын қойып, қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алу іс-шарасына қатысты. Сонымен қатар қаза тапқан қызметкерлерді еске алу рәсімі барысында азаматтық қорғау органдарына жаңадан келген 42 қызметкер ант қабылдады.