Сайлау • 30 Қазан, 2024
Өзбекстандағы сайлауды байқауға қатысты
Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов Өзбекстанға сапары аясында Олий Мәжіліске парламенттік сайлауын байқауға қатысты. Бұл сапар сайлауға халықаралық мониторинг жүргізудің маңызын көрсетеді әрі өңірдегі демократиялық реформаға ашықтық пен сенімділікті арттыруды көздейді.
Өнер • 30 Қазан, 2024
«Атамекенді» әйгілеген арғымақтар
Мүсіншілік өнер қазақ даласында ерте кезден-ақ төбе көрсетіп, құнды ескерткіштер бой көтерген. Бабалар мұрасының асыл сынығы үзілмей, талантты шеберлер еңбегімен толығып келеді.
Спорт • 30 Қазан, 2024
Үстел теннисінен Мысырдың Исмаилия қаласында ұйымдастырылған WTT Youth Contender турнирінде Қазақстан құрама командасының мүшесі Жәния Бекмұхамбетова табысты өнер көрсетті. 13 жастағылардың жарысында ол жеті бірдей қарсыласын қапы қалдырып, алтыннан алқа тақты. Жәния бұған дейін де өрелі өнерімен өз жанкүйерлерін қуантқан еді. Жуырда ғана ол Хорватияда өткен халықаралық турнирде алдына жан салмады.
Аймақтар • 30 Қазан, 2024
Табиғаты көркем Тұйық ауылын мыңнан астам халық мекендейді. Қыс айларында қар ерекше қалың түсетін таулы өңірдің негізгі тыныс-тіршілігі – ауыл шаруашылығы. Жергілікті халық көлемі 6 мың гектарға жуықтайтын жерде мал бағып, шөп шауып, картоп егіп, кейінгі жылдары қозықұйрықты да табыс көзіне айналдырған.
Футбол • 30 Қазан, 2024
«Алтын доптың» иегері анықталды
Футболдан өткен маусымның үздіктері анықталды. Францияның астанасы – Париждегі әйгілі «Шатле» театрында ұйымдастырылған салтанатты жиында бағы жанған жұлдыздардың есімдері аталып, оларға арнайы сыйлық табыс етілді.