Аймақтар • 18 Қазан, 2023
Қыс – қыр астында. Алты ай ақ көрпе жамылатын аспантау елі үшін тонналап көмір түсіріп, күл шығарудың уайымы аз емес. Қоңыр күз түсіп, ақ қырау тұрған кезден бастап әр үйдің мұржасынан көк түтін өрілетін өлкенің қысы ерте, жазы кеш келетіні белгілі.
Мәселе • 18 Қазан, 2023
Өңірде балық шаруашылығын өрістетудің маңызы зор. Біріншіден, азық-түлік молшылығын жасауға септігін тигізетін болса, екінші жағынан Көкшенің күміс көлдері кешегі кемеліне келіп, айдын-шалқар күйінде сақталып қалмақ.
Шаруашылық • 18 Қазан, 2023
Көксерке – балық шаруашылығындағы құнды балықтардың бірі. Еуропаға экспорты ұлғайғандықтан әрі су айдындарының барлығында көп ауланатындықтан, санының күрт азайғаны байқалған. Осыған байланысты ел ғалымдары көксерке балығын жасанды жолмен молайтудың биотехнологиялық тәсілін ойлап тапты.
Ғылым • 18 Қазан, 2023
Жылқыны сапаландыруға да ғылым керек
Қазақстандағы жылқы саны кейінгі жылдары еселеп өсіп, 4,2 миллионға жеткен. Алайда жылқы етін экспортқа шығаруды былай қойғанда, жергілікті ірі сауда желілеріне өткізу ауылдағы ағайын үшін үлкен мәселеге айналған. Ал ет өңдейтін кәсіпорындар мен мейрамханалар оны Ресейден тасып отыр. Елдегі жылқы өсірушілердің қазір тығырыққа тіреліп тұрған жайы бар.
Әлем • 18 Қазан, 2023
Француздардың қазақ тіліне деген ықыласы
Қазақ тілі Францияның ең көне жоғары оқу орындарының бірі – Шығыс тілдері мен өркениеттері ұлттық институтының бағдарламасына қайта енді. Бұл керемет бастаманы Франциядағы Қазақстан елшілігі көтеріп, қолдау көрсетті, деп жазады Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.