Бокс • 19 Қазан, 2018
Данияр Елеусінов: Бостонда айқасу - мен үшін абырой
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) Бостонда өтетін америкалық Мэтт Доэртимен (8-5-1, 4 КО) жекпе-жегі алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан • 19 Қазан, 2018
Қатемен жұмыс бір-ақ рет жүргізіледі - Александр Терентьев
ҚР Ұлттық Банкінің ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу саласындағы қызметі және қаржы секторындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың басқа аспектілері туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр ТЕРЕНТЬЕВ «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтып берді.
Аймақтар • 19 Қазан, 2018
Жақсылыққа талпынған жасқа мүмкіндік көп
Атырауда жыл басынан бері бос жұмыс орындарының 7 жәрмеңкесі өтті. 70-тен астам мекеме мыңға жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Нәтижесінде, 130 жас қана мамандықтары бойынша еңбекке араласты. Бұл жастар жұмысқа мұқтаж емес дегенді білдірмейді. Облыс бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 2,2 %. Алайда жәрмеңкеге барған жастардың дені жалақысы көп қызметке қызығушылық танытады. Тіпті оқу орнын енді бітірген, ешқандай тәжірибесі жоқ жас та айына 40-50 мың теңге төлейтін жұмысты місе тұтпайды.
Қазақстан • 19 Қазан, 2018
Әлемнің балалар онкологтары бас қосты
Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік кеңсесінің қолдауымен ТМД мемлекеттері (Еуразиялық аймақ) балалар онкологиясы саласы сарапшыларының екінші кездесуі өтті. 14 елдің онколог мамандары бас қосқан жиынның мақсаты – балалардың игілігі үшін ортақ күш біріктіріп, онкологиялық дертке шалдыққан балалардың өмір сүру ұзақтығын жақсарту, балалар онкологиясы және гематологиясы саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу, балалар онкологиясындағы ортақ мәселелерді шешу, бүгінгі жағдайын сараптап, дамудың дұрыс жолын айқындау.
Бокс • 19 Қазан, 2018
Буэнос-Айрес: Талғат Шайкенге күміс жүлде бұйырды
Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында бокс бәсекелері аяқталды. Қазақстан атынан шаршы алаңға шыққан Талғат Шайкенге күміс жүлде бұйырды деп жазады Olympic.kz.