Шаруашылық • 31 Қазан, 2023
«Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деген даналыққа ден қойған Балқаш ауданының диқандары ерте көктемде 7 000 гектар суармалы жерге күріш дақылын сепкен еді. Ақ күрішті ала жаздай күтіп-баптап, оның өніп-өсуіне күш салған аудан шаруалары осы күні орақты аяқтауға жақын. Бүгінде аталған егіс көлемінің 5 454 гектары шабылып, оның 3 846 гектары бастырылды.
Саясат • 31 Қазан, 2023
Қарашаның алғашқы аптасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды кездесу өткізбек. Астанаға Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен келеді. Сондай-ақ Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан да Сарыарқа төріне ат басын бұрмақ. Айта кетерлігі, Э.Макрон тұңғыш рет қазақ даласына қадам басайын деп отыр. Осы орайда, Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа аз-кем тоқталуды жөн көріп отырмыз.
Пікір • 31 Қазан, 2023
Инвесторға икемделген заңнаманы өзгерту керек
Қаза болған кеншілердің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Апат салдарынан жарақат алып, емханада жатқан жұмысшылардың амандығын тілейміз.
Аймақтар • 31 Қазан, 2023
Болашақ чемпиондарды баулитын кешен
Шекаралы аймақ – Райымбек ауданының Сүмбе ауылының жастарын шат-шадыман еткен айтулы жаңалық – заманауи спорт кешенінің пайдалануға берілуі. Ауылдың ажарын ашып, тұрғындар көңілін көпсіткен еңселі ғимарат 1 гектардан астам аумақты алып жатыр.
Денсаулық • 31 Қазан, 2023
Егде жастағыларды емдейтін орталық
Заман озған сайын адам тәні тоза беретіні ақиқат. Әйткенмен адам баласының басқа жаратылыстан ерекшелігі сол, қай қиындыққа да қол қусырып қалмаған. Күллі тарихы күреске толы. Тағдырдың сызығы таусылғанша өмірді мәнді де мағыналы, саулықта сүрудің сан қилы соқпағын саралап келеді. Осының бір айғағы – геронтология ғылымы.