Саясат • 19 Қазан, 2024
Қоғамдық палата мүшелерімен кездесті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қоғамдық палата мүшелерімен кездесіп, алдағы кезеңдегі күн тәртібі мен жұмыстың жаңа форматтарын талқылады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдауында және мәслихат депутаттарының форумында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша депутаттық корпустың алдағы ауқымды жұмысы жөнінде ақпарат берді.
Аймақтар • 19 Қазан, 2024
«Қостанай жастары» бағдарламасы іске қосылды
2022 жылы қанатқақты жоба ретінде басталған «Қостанай жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында бүгінге дейін өңірде 200-ден аса жас отбасы баспаналы болды. Биыл үшінші рет іске қосылған бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асыру үшін облыс әкімдігі мен «Отбасы банк» 2 млрд 100 млн теңге қаржы бөліп отыр.
Үкімет • 19 Қазан, 2024
Экспортқа бағытталған жобалардың өрісі кеңейеді
Премьер-министр Олжас Бектенов экспортқа бағытталған бизнес өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде кеңес өткізді. Оған жекелеген министрлер мен аймақ әкімдері, «Бәйтерек» ҰБХ, «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Атамекен» ҰКП басшылықтары, сондай-ақ бірқатар саладағы бизнес өкілдері қатысты.
Республика күні • 19 Қазан, 2024
Тамыры терең тарихымызға үңілсек, Ұлы даланың қасиетті топырағында дүниеге келіп еркіндікті аңсаған дана халқымыз қоғамда қалыптасқан тәртіпке мойынсұнып қана қоймай, мемлекеттің сенімді де адал тірегі бола білді. Берекелі бірлік арқылы халқымыз түрлі сынақтан сүрінбей өтіп, әлемге ашықтық, толеранттылық, қонақжайлық, басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластық сияқты тамаша әрі қайталанбас қасиеттерді бойына сіңірді.
Басылым • 19 Қазан, 2024
Қазақ кітаптары – Еуропа төрінде
Германияның Майндағы Франкфурт қаласында 16-20 қазан аралығында «Frankfurter Buchmesse-2024» атты кітап жәрмеңкесі осымен 76 рет өтіп жатыр. Әлемнің 95 елінен мыңнан аса автор мұнда 4 мыңға жуық туынды ұсынып отыр. Біздің отандық кітап өнімдері тұңғыш қойылған көрме аясында 650 түрлі халықаралық мәдени іс-шара ұйымдастырылады екен. Франкфурт көрмесін тамашалаушылар саны биыл 215 мың адамды құрайды деген болжам бар.