Сараптама • 18 Қазан, 2023
Озық зерттеу орталықтарының бірі Йель университетінің Экологиялық құқық және саясат орталығы дүние жүзіндегі экологиялық таза елдердің рейтингін талдап, Экологиялық тиімділік индексін жариялап отырады. Аталған индекс ғылыми-талдамалық деректерге негізделіп, әлем елдерінің тұрақты даму көрсеткіштері туралы жиынтық ақпараттың негізінде жасалады.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Жайлы үй, жылы төсекте алаңсыз жатып, ымырт түссе, әр бұрышты сағалап пана іздеген қараусыз жанның кезбе ғұмыры туралы бір сәт ойланып көрдіңіз бе? Қоғамда сан қилы себеппен мұндай мүшкіл күйге түскендер аз емес. Бірі ерік-жігерін ішімдік пен есірткіге тәуелді етсе, бірі – туыстан таяныш таппай, ет жақындары теріс айналған тағдырлар.
Кітапхана • 18 Қазан, 2023
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы бірқатар маңызды бастаманы жүзеге асыруымен де ерекшеленіп келеді. Мысалы, өңірде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасын жүзеге асырып отыр. Жоба аясында бірқатар ауданда жылжымалы кітап пункті ашылды.
Медицина • 18 Қазан, 2023
Нейрохирургия бөлімшесіндегі бір күн
Елдегі нейрохирургия мамандары жылына 30 мың операция жасайды. Бұл бағытта отандық медицина сәт сайын дамып, өзгеріп жатыр. Мұқияттылық пен біліктілікті талап ететін күрделі саланы жіті тану мақсатында №1 көпбейінді қалалық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне барып қайттық.
Сұхбат • 18 Қазан, 2023
Төлеген АБДУЛЛИН: Автожолдардың бүгіні мен келешегі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған биылғы Жолдауында республика көлеміндегі және елдерді жалғайтын транзиттік магистралдарға айрықша мән беріп, «Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс» деген еді. Оған қоса автожолдар жұмысы үнемі өз бақылауында болатынын да үнемі ескертіп келеді. Негізі Президент бұған дейін де республика экономикасын сауықтырып, өркениетті елдердің алдыңғы сапына ұмтылу үшін автожолдарды, теміржолдарды, әуе және су жолдарының сапасын арттырып, дүниежүзілік талаптарға сай ретке келтірілуін Үкіметке тапсырғаны мәлім. Осы тапсырмаға орай 2029 жылға дейінгі жоба-жоспардың жоралғысы жұрт назарына ұсынылды. Десек те, бұл бағыттағы нақты жұмыстар бұдан бірнеше жыл бұрын басталғаны анық. Қазіргі игі шаралар сол жұмыстардың жалғасы.Расында да, республикадағы арналы бағыттың бірі – автожолдар. Сол себептен Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген АБДУЛЛИНДі әңгімеге тартқан едік.