Аймақтар • 20 Қазан, 2019
Ескі үйлердің тұрғындары әкімдік ұсынған пәтерлерге көшпей отыр
Қалалық құрылыс бөлімінің мәліметінше, тұрғындар өздері тұратын әбден ескірген үйлерінен көшпей, қарсылық білдіргендіктен, осы жерге салынатын жаңа үйдің құрылысы кешіктіріліп, басқа жерге ауыстырған.
Аймақтар • 20 Қазан, 2019
Семейде оқушылар спортзалға тегін барады
Қалалық мәслихат депутаты Андрей Алтайбаев Семейдегі «GoldKing» спорт клубының мүшесі. Ол өмір бойы спортты серік еткен. Пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі шебер, Азия мен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі төреші. Тіпті Семейдегі пауэрлифтинг мектебінің негізін қалаушы ретінде де танымал.
Қазақстан • 20 Қазан, 2019
А.Көлгінов тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты
Кешкілік аралау барысында қала әкімі А.Көлгінов тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты. Тілендиев даңғылы мен жобалық атауы C302 көше қиылысында орналасқан тұрғын үй кешенінде 419 пәтер бар. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Қазан, 2019
Маңғыстауда К.Л.Хетагуровтың 160 жылдығы аталып өтті
Ақтауда «Достық үйінде» осетин халқының ақыны, драматург, публицист және суретшісі Коста Леванович Хетагуровтың 160 жылдығына арналған іс-шара өтті.
Видео • 20 Қазан, 2019
Бүгін Ақмола қаласын ел астанасы ретінде жариялау туралы жарлық шыққан күн (видео)
1997 жылы 20 қазанда еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. (1998 жылдың 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын Елбасы Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге ұсыныс жасады. Ал бүгін Ақмола қаласын ел астанасы деп жариялау туралы шыққан жарлыққа 22 жыл толып отыр.