Қазақстан • 20 Қазан, 2019

А.Көлгінов тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кешкілік аралау барысында қала әкімі А.Көлгінов тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты. Тілендиев даңғылы мен жобалық атауы C302 көше қиылысында орналасқан тұрғын үй кешенінде 419 пәтер бар. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


А.Көлгінов тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты

Сондай-ақ қала әкімі А. Көлгінов құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешеніне барды (Сарыбұлақ өзенінің бойындағы Тілендиев даңғылы). Осы тұрғын үй кешенінің кілттерін 530 адам алады. Жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына да беріледі. Тапсыру мерзімі-2020 жыл.

А.Көлгінов атап өткендей, ғимаратқа барлық инженерлік желілер жүргізілген, аумағы абаттандырылғанда ғана, яғни толығымен дайын болған кезде ғана үйді пайдалануға беру қажет. 2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты есебінен тапсырылған пәтерлердің жалпы саны 2400 құрайды. Келесі жылы тұрғын үй көлемі 3 есеге артады.