Қазақстан • 31 Қазан, 2017
Биылғы күз жылдағыдан ерекше болды. Қар жауып, қазан ұрмай-ақ Әулиеата жұртшылығы биыл қыстың ерте түсетінін айтып жатыр. Әдетте бұл өңірге кешігіп келетін қаһарлы мезгіл биыл шынында да ерте келетін сыңай танытып еді, бірақ райынан қайтқан ауа-райы көз алдымызға қайтадан көктем күнін елестетті. Дегенмен қыстың қамын жазда ойлайтын ағайын бұл жолы да жылдағы тірлігіне кірісіп кетті. Қазан айының орта шенінде Әулиеата өңірінде барлық санаттағы шаруа қожалықтарында мал қыстату науқаны басталды.
Қазақстан • 31 Қазан, 2017
«Әулет» жобасы бірге бизнес бастаған ағайындардың алауыздығына жол бермейді
Алматыда отбасылық бизнес түрлерін дамытуға бағытталған «Әулет» жобасы жұмысқа кірісті. Мұндай бастама ресми түрде бірінші рет қолға алынып отырғанымен, елімізде ерлі зайыптылардың немесе ағайын адамдардың, апалы-сіңлілердің бірлесіп жүргізіп отырған шаруалары жоқ емес.
Қазақстан • 31 Қазан, 2017
Мемлекет-жекеменшік әріптестігінің әлеуеті мол
Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен баспасөз мәслихаты өтті. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өңір халқының әл-ауқатын арттыру мен әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, жыл басынан бері экономиканың бес пайызға өсуіне қол жеткіздік. Оң динамика барлық секторларда қамтамасыз етілген», деді жиында жасаған баяндамасында аймақ басшысы.
Әдебиет • 31 Қазан, 2017
Қазақстан • 31 Қазан, 2017
Мәскеу қаласындағы жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер, магистранттар, аспиранттар мен PHD докторанттар Қазақстан Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын жылы қабылдады.