Білім • 18 Қазан, 2018
Білім саласының басшылары бас қосты
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің білім саласы басшыларының VII кеңесі өтті. Кеңес жұмысы Қазақстан Үкіметі, Білім және ғылым министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеті ректоратының ықпал етуімен ұйымдастырылды.
Аймақтар • 18 Қазан, 2018
«Бөбек» орталығында «Сүйіспеншілік сабағы» өтті
Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы, «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева «"Сүйіспеншілік сабағын" өткізді.
Аймақтар • 18 Қазан, 2018
Қостанай облысында Кәмшат тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Меңдіғара ауданындағы Харьков селосында атақты механизатор, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Кәмшат Дөненбаева тұрған үйге ескерткіш тақта ілінді. Оның салтанатты ашылуына аудан басшылары, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов, Кәмшат Байғазықызымен бірге жұмыс істеген еңбек ардагерлері, ауылдастары, туыстары мен бала-шағасы қатысты.
Саясат • 18 Қазан, 2018
Жолдауды іске асыру құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етіледі
Нұротандықтар Елбасы Жолдауын жүзеге асыруды құқықтық қамтамасыз ету жұмыстарына белсене кірісіп кетті. Нақты айтқанда, «Нұр Отан» партиясы Парламент Мәжілісіндегі фракциясы арқылы нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр.
Үкімет • 18 Қазан, 2018
Өңірлерді дамыту мәселелері жөніндегі кеңес
Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бейнеконференция байланысы режімінде Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.