Экономика • 18 Қазан, 2024
Автомобиль жолдары кез келген өңірдің күре тамыры іспетті. Тұрғындардың тұрмыс деңгейі де, экономиканың жай-күйі де соған байланысты. Бұл ретте биыл елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымда – 12 мың шақырым жол салынып және жөнделіп жатқандығы көңілге үміт ұялатады.
Сенат • 18 Қазан, 2024
Халықты тұрғын үймен қамту тетіктері
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, онда сенаторлар тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңды қарады.
Парламент • 18 Қазан, 2024
Парламенттік дипломатия өңірлік байланысты нығайтады
Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия II форумында баяндама жасады. Бұл іс-шара бірінші Astana Think Tank Forum-2024 аясында ұйымдастырылды. Онда әлемнің 20-дан аса елінен келген 50-ге жуық сарапшы орта державалардың қазіргі жаһандық деңгейдегі стратегиялық және дипломатиялық рөлін талқылады.
Президент • 18 Қазан, 2024
Орта державалар жаһандық ынтымақтастыққа ықпал етеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Think Tank форумының пленарлық отырысына қатысты. Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына ілтипат білдіріп, бұл диалог алаңы Астана халықаралық форумының аясында құрылғанын, ең өзекті жаһандық және өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасуға арналғанын атап өтті.
Республика күні • 18 Қазан, 2024
Республика күні – мемлекеттіліктің тарихи белесі
Қазақ елінің тәуелсіздігіне жол ашқан Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына биыл – 34 жыл. Ал бұл елеулі датаның «ұлттық мереке» мәртебесін алып, қайта оралғанына – екі жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Егемендік декларациясы – тәуекел мен дипломатияның, ақыл мен сабырдың жемісі. Ұлы Абай айтқандай, «ақырын жүріп, анық баса» отырып, ешқандай дүрбелеңсіз тәуелсіздікке қол жеткіздік» деген еді. «Egemen Qazaqstan» газеті ұлық мереке қарсаңында елдігіміздің іргетасы болған Республика күнінің маңызы мен мәнін, атап өтудің жөн жобасы туралы арнайы дөңгелек үстел өткізді.