Ғылым • 18 Қазан, 2024
Esil University-де «Сейітқасымов оқулары – 2024» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Аталған оқу ордасының алғашқы ректоры Ғабдығапар Сағитұлының ғылыми мұрасын дәріптеуге арналған жиын биыл университеттің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Мәселе • 18 Қазан, 2024
Ысқырып атқан киіктің обалы...
Қоршаған ортада жойылып бара жатқан жануарлар мен басқа да тіршілік иелерінің саны азайып кетпеуін қадағалау қорғап, сақтау мақсатында тиісті мекемелер, түрлі ұйымдар, көптеген маман тізе қосып еңбек етіп, жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Алматы • 18 Қазан, 2024
Биыл желтоқсан айында ғалымдар күріш қауызынан жасалған кремний көміртекті нанокомпозитті өндірісті іске қоспақшы. Жобаны «Ғылым қорының» қолдауымен Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының мамандары іске асырып отыр.
Талбесік • 18 Қазан, 2024
Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Кеген, Ұйғыр аудандарының аумағындағы «Шарын ұлттық табиғи паркінің» құнды қазынасының бірі – ерен тоғайы. Реликті ағаштың сирек түрі саналатын Іле жидесі, Іле бөрі қарақатымен қатар өсетін ерен ағашы зәйтүн тұқымдасының шаған туысына жатады. Тереңге бойлаған тамыры ылғалды тілейтін тіршілік иесі елімізде тек Шарын өзенінің аңғарында өседі.
Жансарай • 18 Қазан, 2024
Ғылымның уақыт талабына сай дамуына кең жол ашатын тұлғалар – ғалымдар мен ұстаздар. Осы екі саланы қатар алып, тұтас ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге, ағартушылыққа арнағандар аз емес. Солардың бірегейі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары – Әбдімәжит Саипов пен Қадиша Шалғынбаева.