Руханият • 18 Қазан, 2019
Орынша ҚАРАБАЛИНА: Әрбір күніміз бақытқа толы болды
Замана құбылып, саясат жүз жерден өзгерсе де ұлттың бұлжымайтын құндылықтары бар. Ұстараның жүзіндей осы жолда арына қылау түсірмей өткен тұлғаның бірі – мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімжан Қазыбаев еді. Ұлт перзенті Әбіш Кекілбаев: «Мамыражай, жайма-шуақ, кеңпейіл Кәкімжан аға ызғарлы кезеңдерден кейінгі рухани тоңды жібітуде ерекше қайраттылық танытты. Әдебиетімізде, қоғамдық ойымызда, әлеуметтік көңіл күйімізде өшпес із қалдырды» деп түйіндеген тұғыры биік тұлға еді. Осындай абыройлы азаматқа адал жар болған, «халық жауы» атанған Ұзақбай Құлымбетовтің қызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұлағатты ұстаз Орынша ҚАРАБАЛИНА апайдың абзал ағамыз жайлы әңгімесі әркімді тебірентері анық.
Руханият • 18 Қазан, 2019
Көздері ғаріп болғанмен, көңілдері жарық
Әйгілі Борхес «Маған жұмақтың өзі кітапхана түрінде елестейді» деп жазыпты. Эразм Роттердамский болса: «Менің кітапханам қайда болса, отаным да сол жерде» деген. Ал оралдық Темірғали Жұмағалиев кітапхананы – шетсіз-шексіз ілім-біліммен, үлкен әлеммен жалғап тұрған аспалы көпірдей көреді.
Әдебиет • 18 Қазан, 2019
Әдебиеттің салқар көшіне ілесіп, таланты мен қабілетін қаламына қатар түсірген жазушы бағзыдан бері қанша уақыт сарқылса да есті оқырманның ойында һәм жүрегінде қалады. Бұл хат танитын бәріміздің іштей ғана біліп, мойындайтын шындығымыз. Бір-бірінің көңілін тапқан оқырман мен автор да табиғаттары тым бөлек жандар емес. Оған дәлел: қазақтың бұрынғы баба, би тілінің құнарын сақтап қалған жазушының бірегейі, қара сөзден құйын тұрғызған Рахымжан Отарбаевты оқушылардың дені рухты һәм мінезді келеді. Әлқисса, «шағын әңгімелерінде үлкен ой айта алатын кесек жазушы» Рахымжан Отарбаев творчествосынан игі бір істің cүйінші хабарын құлағымыз шалды.
Руханият • 18 Қазан, 2019
Қазақ баласында бір жақсы сөз бар. Жақсым деген. Сақилар мен атымтай жомарттарға қаратылып айтылады. Пірадарларға қаратылып айтылады. Иманы кемел адамға қаратылып айтылады. Абайша айтсақ «толық адамға» қаратылып айтылады. Атауында тұрғандай жақсы адамдардың жақсысына қаратылып айтылады.
Руханият • 18 Қазан, 2019
Мұхамеджан ұстаз тұтқан Барлыбек
Алаш арыстарын тану – сол заманның өзінен басталған екен. Аймүйіз қайраткерлердің бір-біріне жазған хаттары, бір-біріне деген құрметі мен лебізі, тіпті қайтыс болғанда қайғырып жазған мұнаһибтары да ерекше. Өмірде бірін-бірі құрметтеп, аға мен іні, ұстаз бен шәкірт болып өткен жандар – Барлыбек Сырттанұлы мен Мұхамеджан Тынышбайұлы еді.