Өндіріс • 17 Қазан, 2023
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндігі
Түркістан облысында тоқыма және тігін өнеркәсібі дамымағандықтан мақта талшығының бағасы халықаралық Ливерпуль мақта биржа индексіне тікелей тәуелді. Яғни мақта кластерін дамыту үшін Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарында тоқыма, тігін фабрикаларын ашу – уақыт талабы. Бұл орайда өңірде арнайы жоба әзірленген. Ол толық іске асырылған жағдайда облыста 75 зауыт, кәсіпорын және фабрика салу есебінен 9 мақта-тоқыма кластері құрылады. Нәтижесінде, 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке жыл сайынғы түсімдердің көлемі 26,2 млрд теңгеден аспақ. Жобаны толық іске асыру үшін инвестициялық субсидиялар қажет.
Аймақтар • 17 Қазан, 2023
Керекуде жергілікті полиция пункттерін оңтайландыру жүріп жатыр. Павлодар қаласында бұрын олардың саны 23 болса, қазіргі күні небәрі 16 полиция пункті жұмыс істеп тұр.
Қоғам • 17 Қазан, 2023
Алматыда Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогіне қатысушылар гендерлік теңдік, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өткен іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Парламенттерінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.
Шахмат • 17 Қазан, 2023
Шахмат әлемінде жеңілістің кермек дәмін аз татқан спортшылар некен-саяқ. Солардың қатарында 16 дүркін әлем чемпионы, биылғы Әлем кубогінің иегері даңқты норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен бар. Алдына келген қарсыласын бет қаратпай жеңетін Карлсен бірер күн бұрын Қатарда өтіп жатқан халықаралық турнирде тағы бір мәрте жеңілді. Әлемдік шахмат жұлдызын бұл жолы қазақ баласы Әлішер Сүлейменов қапы қалдырды.
Егемен Қазақстан • 17 Қазан, 2023
Бейнеқоңырау арқылы кеңес беріледі
Кешеден бастап Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге бейнебайланыс арқылы кеңес беруге кірісті. «Байланыс орталығы» деген атаумен іске қосылған қанатқақты жоба салық төлеуге байланысты туындаған сан түрлі сауалға толыққанды жауап беріп, мәселені егжей-тегжей түсіндіріп беруге ниетті.