Өндіріс • 17 Қазан, 2024
Алматы қаласы Медеу ауданындағы «Novus Polymer» ЖШС терезе мен есік жүйесіне арналған ПВХ профильдерін өндіруде Орталық Азиядағы ең ірі өндіріс ошағы – «Galwin» зауытына иелік етеді. Бүгінде «Galwin» бренді – отандық нарықта жетекші орында. Компания бұдан бөлек, «ROSSI», «Vitro», «Verde» сауда белгілерімен ПВХ профильдерін, терезе тақтайшасын, есік өндіреді.
Мәселе • 17 Қазан, 2024
Алтыннан арылу табыс па, тәуекел ме?
Алтын-валюта резервіндегі алтын үлесі 3%-ға төмендеді. Бұл жағдайда әр мемлекет әртүрлі ұстаным ұстанады. Көбі геосаяси ахуал ушыққан кезеңде жаппай алтын сатып алып жатады. Ал Ұлттық банк биыл мамыр-шілде аралығында 21,6 тонна алтын сатқан. Бұл қаншалықты дұрыс?
Салық • 17 Қазан, 2024
Салық пен сатып алудағы өзгеріс
Мемлекеттік сатып алу саласында қолға алынған реформаның мәні неде? Онда қандай өзгерістер қамтылған? Бұл мәселе Атырауда жергілікті және Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан мен Түркістан облыстарының іскер топ өкілдерінің қатысуымен талқыланды.
Аймақтар • 17 Қазан, 2024
Батыс Қазақстан облысында автокөлік иелері қазан айының басынан бері газ отынының тапшылығын көріп жатыр. «Бұл Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмысына байланысты» дейді мамандар.
Аймақтар • 17 Қазан, 2024
Қыс маусымына жан-жақты дайындық
Түркістан облысында қысқы жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралса, алдымен Кентаудағы жағдай басты назарға алынады. Оған себеп те жоқ емес. Былтыр желтоқсанда дүлей дауылдан қаладағы электр желілері үзіліп, жылу энергоорталығының жұмысына кері әсерін тигізді. Салдарынан қала жылудан ажыратылып, алты көпқабатты тұрғын үйдің, жеке сектордағы 40-қа жуық үйдің жылыту жүйесі істен шықты. Ол аздай, қара суықтан құбырлардағы газ қатып, 70 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынсыз қалды.