Аймақтар • 19 Қазан, 2022
Қостанай ауданындағы «Арғымақ» ипподромында ұлттық ат спортынан Қазақстан чемпионатының қорытынды кезеңі өтті. Республикалық «Бәйге» федерациясы мен Қостанайдағы ұлттық ат спорты федерациясы мұрындық болған спорт мерекесінде қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар ойындарын тамашалап, аламан, құнан жарыстары ұйымдастырылды.
Театр • 19 Қазан, 2022
Бас шаһарда театр тойы! Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 18-23 қазан аралығында көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық әртісі Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалі өтіп жатыр.
Қазақстан • 19 Қазан, 2022
Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу-жаттығу орталығында әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны аяқталды.
Қазақстан • 19 Қазан, 2022
Күрең берет кигендер шеберлігі
Таяуда Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшесі 22 күрең берет иегерімен толықты. 2022 жылғы 15 қазан күні Алматы облысының Жетіген кентінде Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшесі әскери қызметшілерінің күрең берет кию мәртебесіне арналған біліктілік сынағы аяқталды.
Медицина • 19 Қазан, 2022
«Иілгіш шеге» – озық технология
Профессор Х.Мақажанов атындағы көпбейінді Қарағанды ауруханасындағы балалардың ортопедия бөлімінде жарты жылда 385 шұғыл операция жасалды. Бұдан бөлек, 160 балаға жоспарға сай операция сәтті өтті.