Театр • 19 Қазан, 2022

Шолпан жұлдыз фестивалі

380 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бас шаһарда театр тойы! Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 18-23 қазан аралығында көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық әртісі Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалі өтіп жатыр.

Шолпан жұлдыз фестивалі

Алты күнге созылатын айтулы театр думанына сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеліп алынған барлығы 10 спекталь қатысады. Республиканың түк­пір-түкпірінен таңдалған үздік қо­йылымдар қатарында – С.Қожам­құлов атындағы Жезқазған қа­зақ музыкалы-драма театрының «Жұт» (авторы – О.Жанайдаров), Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мем­лекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры­ның «Оян, қалыңдық» (авторы – Г.Лорка), Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының «Боранды бекет» (Ш.Айтматов), Ф.Достоевский атындағы мемлекеттік Семей орыс драма театрының «Кішкентай ханзада» (А.Экзюпери), Ақ­мо­ла облыстық орыс драма театры­ның «Шағала» (А.Чехов), Қ.Қуа­нышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының «Алтайдан ауған ел» (Х.Алтай, Х.Оралтай), С.Сейфуллин атындағы Қараған­ды облыстық академиялық қазақ драма театрының «Текебұрқақ» (Ш.Мұртаза), М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Найзағай» (А.Островский), Түркістан музы­­калық драма театрының «Қор­қыт» (Е.Аманшаев) және Рес­публикалық академиялық не­міс драма театрының «Андорра» (М.Фриш) спектакльдері бар.

Театр тартуы мұнымен таусылмайды. Фестиваль аясында сондай-ақ көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреа­ты, КСРО халық әртісі Шолпан Исабекқызы Жандарбекованың шығармашылығына арналған дөң­гелек үстел, Ш.Жандарбекова шы­ғармашылық ғұмырынан сыр шертетін көрме, Ерғазы Төлеу­дің «Шолпан жұлдыз» атты кіта­бының тұсаукесері өтеді. Сахна саң­лағының көзін көрген театр қайраткерлері, төл шәкірттері, зия­лы қауым өкілдері аңыз актриса туралы естелік айтып, тағылымы мол әңгімелерін ортаға салады деп күтілуде.

Одан бөлек, айтулы өнер мей­­рамы аясында сонымен қа­тар Қа­зақ­станның халық әртісі Қадыр Жетпісбаевтың 80 жылды­ғына арналған іс-шаралар да жос­пар­ланған. Атап айтсақ, 18 қазан күні сағат 10.00-де «Қаллеки» театрының алғашқы құрылу жылдарында ұжымға жетекшілік етіп, репертуарының қалыптасуына өзіндік еңбегін сіңірген Қазақ­станның халық әртісі, режиссер Қадыр Жетпісбаевтың 80 жыл­дығына арналған қос томдық кітап­тың тұсаукесері және «Бала мер­ген» қойылымының премье­расы өтеді. Алты күн бойы Арқа аты­рабын өнер думанымен дүбір­лететін театр мерекесінің көрер­меніне ұсынар тартуы мол.

п