Әдебиет • 23 Қазан, 2020
Мұхтар Әуезов Мұхтар Әуезов қолы бос уақытта аңшылыққа шығуды ешқашан ұмытпапты. Ғабит Мүсіреповтің «Қарлы жаңбыр астында» дейтін әңгіме-эссесінде Әуезовтің мүлтіксіз мергендігін айғақтайтын жолдар бар. «Осы кепкенің астында Әуезов деген аңшы отыр деп бір құс ойламайды» деп әзілдейді екен.
Саясат • 23 Қазан, 2020
Қолдау жақсарса, қорғау да түзеледі
Биыл Алматы облысында қылмыс жасау дерегі азайған екен. Мәселен, өткен 9 айда 11 073 заң бұзу оқиғасы тіркелген. Яғни бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 36,5 пайызға аз. Әрі аймақ жолдарында болатын апат та кеміп, былтырғыға қарағанда 12 пайызға төмендеген. Жыл басынан бері 1496 жол-көлік оқиғасы болған.
Саясат • 23 Қазан, 2020
Қан қақсатқан қаржы пирамидасы
Уақыт озған сайын отандастарымыз білек сыбана еңбек етуге емес, қандайда бір қаржылық ұйымға салым жасап, жылдам әрі жеңіл пайда табуға әуестеніп бара жатқан сыңайлы. Алайда мұндай ұйымдардың барлығы бірдей адал қызмет етеді деп айту қиын. Алаяқтыққа еті үйренген әккілер мен олар құрған қаржы пирамидалары қаптап барады. Тегін ірімшіктің қақпанда ғана болатынын айта-айта ауыз талғанымен, қалтасы қағылып, қан қақсап қалғандар көбейіп тұр.
Қоғам • 23 Қазан, 2020
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі 17 қазанда «ReStart» жобасы аясында жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Оффлайн күн» республикалық акциясын өткізді.
Оқиға • 23 Қазан, 2020
Әмбебап және конвергентті журналистерді даярлауға арналған Jas Qalam республикалық жобасына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Жобаны Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Қазақстан конгресі ұйымдастырып жатыр.