Қазақстан • 12 Қазан, 2017
Мен Кеңестің аты-жөнін ең алғаш «Лениншіл жас» газетінің әдебиет бөлімінің меңгерушісі Оралхан Бөкеевпен бірлесіп жазған очеркінен көріп, сырттай танысқан едім.
Тарих • 12 Қазан, 2017
Ұлт тарихындағы кемеңгер, мүбәрәк тұлға Қорқыт мұрасы, ой қазынасы халқымыздың шығармашылық даналығын, философиялық дүниетанымын, таңғажайып күйшілік қабілетін терең танытады. «Қорқыт Ата кітабы» – ұлт тарихы мен мәдениетінің Бас кітабы. Мұхиттай шалқыған ойдың, даналық дәрістердің, сөз гауһарларының әлемі.
Әдебиет • 12 Қазан, 2017
Әдебиеттанушылар жырау мен жыршыны екі бөлек қарастырады. Бұл көп таралған қағида болғанымен, Рахманқұл Бердібай Орталық Азия елдерінде жыршыларды да жырау деп атай беретінін айтыпты.
Қазақстан • 12 Қазан, 2017
Густав Зелинскийдің «Қазақ» поэмасы туралы
Биыл қазақ тақырыбында жазылған алғашқы поэманың жарық көріп, оқырманымен қауышқанына 175 жыл толыпты. Ана тілімізге тек 1964 жылы талантты ақынымыз Әбдікәрім Ахметовтің аударуымен «Қазақ» атауымен басылып шыққан сол туындының авторы танымал поляк ақыны Густав Зелинский болатын. Ал поэманың алғашқы түпнұсқалық басылымы Вильно (Вильнюс) қаласында сонау 1842 жылы жарық көрген-ді. Бір ғажабы сол алғашқы нұсқа Абайдың әкесі, танымал биіміз Құнанбай Өскенбайұлының досы, бүгінде қазақ даласы, қазақ халқы хақындағы қызықты мәліметтерімен тарихқа енген Адольф Янушкевичтің туған бауыры Януари Янушкевичтің қолдауымен басылған екен...
Қазақстан • 12 Қазан, 2017
Венгрия елшісі Түркі академиясы басшысына орден табыс етті
Бүгін Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани Астанада Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәліге Мажарстан президентінің жарлығына сәйкес тағайындалған Мажарстанның офицерлік крест орденін салтанатты түрде табыс етті.