Тұлға • 30 Қазан, 2023
Дәрілбақиға аттанбайтын адам бар ма? Бәріміздің ертелі-кеш баратын жеріміз. Адамның өмірі абайсызда құлатып алған құманның суы сияқты. Көзді ашып-жұмғандай. Алды-артыңа қаратпай өте шығады. Дей тұра, өлімге қимайтын жандар болады. Сондай кісілер ұзақ өмір сүрсе екен деп Құдайдан тілеп-ақ жүресің. Шынында да, айналасындағы адамдарға пайдасы молынан тиіп жүретін тұлғаның ұзағырақ өмір сүргені – елге олжа. Қазақтың маңдайына біткен сындарлы сатирик Көпен Әмірбек дәл сондай жан еді.
Ән • 30 Қазан, 2023
Екі мыңыншы жылдардың бастапқы кезінде шыққан бұл әнді тыңдаған кезде бойыңды беймәлім бір сезім жаулап алғандай болады да тұрады. Сағыныш па, аңсар ма, әлде мүлде басқа күй ме, кім білсін. Әйтеуір, әннің болмысынан бір жылы леп есіп тұрады. Өткен шақты қатты аңсағандықтан болар, оралмас жылдар тізбегіне көз жүгірткің келіп, қиял кеңістігін шарлай түсесің.
Әдебиет • 30 Қазан, 2023
«Әлемде төрт мұхит бар. Бесінші мұхит – күй» деген еді Әбіш Кекілбайұлы. Расында, терең иірімін түбіне жасырған күй мұхиты кез келгенге сыр алдырмақ емес. Күйді түсіну – ұлттың жанын ұғыну, ел тарихының кешегісі мен бүгініне ой жіберу.
Абай • 30 Қазан, 2023
Алматыға жолы түскен адамды алдымен шыңы аппақ қар жамылған Алатау мен соның етегіндегі көкжелекке көмілген қаладағы хакім атамыздың есімін иеленген даңғылда орнатылған Абай ескерткіші қарсы алады. Ақын ескерткіші қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған, биіктігі – 13, 7 м. Оны ұлттық мүсін өнерінің негізін салушы, Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаев жасаған. Мүсінші өз туындысында ақынның өмір белесінен өтіп, ел ағасына айналған салиқалы кезін айшықты бедерлеген. Ескерткіште басында тақия, иығына өңірі ашық желбегей шапан жамылған Абай атамыз сол қолына кітабын қысып ұстаған күйі терең ой үстінде ілгері басып келеді. Тас бейне демесеңіз, құдды ақынның өзін көргендей әсер аласыз.
Қылмыс • 30 Қазан, 2023
Астанадағы медициналық университеттің студенті сотталды
Елордада медицина университетінің мүмкіндігі шектеулі жандар мен балаларды азаптаған студенті 4 жыл 8 айға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.