Руханият • 17 Қазан, 2022
Абайтануға қосылған сүбелі еңбек
Ел астанасында абайтану саласындағы тың жаңалық – «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» және «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты қос бірдей ғылыми еңбек таныстырылды. Жаңа жинақтың тұсаукесер рәсімін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Ұлттық академиялық кітапхана және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» бірлесе ұйымдастырып отыр.
Аймақтар • 17 Қазан, 2022
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры Тобыл өңіріне гастрольдік сапармен келді. Өнер ұжымының қостанайлық көрермендерге ала келген репертуарында балаларға арналған көңілді қойылым, ертегілермен қатар, көпшілік көрерменге ой салатын салмақты дүниелер де бар.
Қоғам • 17 Қазан, 2022
Белгілі ақын, аудармашы, ғалым Сағынғали Сейітовтің туғанына 105 жыл толды. Қаламгердің мерейтойы оның туған жері – Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында кеңінен аталып өтті.
Қазақстан • 17 Қазан, 2022
Электронды қызмет аясы кеңейеді
Елімізде енді электронды құжат қағаз нұсқасымен теңестірілді. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидалары бекітілді. Цифрлық құжаттар сервисі – «Электронды үкімет» мобилді қосымшасының бір бөлігі.
Қазақстан • 17 Қазан, 2022