Қазақстан • 17 Қазан, 2022

Электронды қызмет аясы кеңейеді

193 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде енді электронды құжат қағаз нұсқасымен теңестірілді. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидалары бекі­тілді. Цифрлық құжаттар сервисі – «Электронды үкімет» мобилді қосымшасының бір бөлігі.

Электронды қызмет аясы кеңейеді

Цифрлық құжат сервисінде қолжетімді барлық электрондық құжат қағаздағы құжаттарға тең. Ми­­нистрдің бұйрығы 2022 жыл­дың 22 қазанынан бастап кү­ші­не енеді. Сондай-ақ аталған ведомство электронды цифрлы қолтаңбадан бас тарту мәсе­ле­сін де қарастырып жатыр. Бұл туралы Бағдат Мусин өзі­нің әлеу­меттік желідегі парақ­ша­сында мәлімдеді.

«Бүгін Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ве­домствоаралық комиссияның ке­зек­ті отырысын өткіздік. Күн тәртібінде электронды-цифрлық қолтаңбадан бас тарту, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан құжаттар алу, емханаға тіркелу және бизнеске арналған қызмет­терді жетілдіру мәселелері қа­рас­­­тырылды. Менің ойымша, біз бірінші кезекте халыққа элек­трон­дық қызметтерді пай­да­­лану ыңғайлы екеніне көз жет­кізуіміз керек. Қазіргі уақытта QR арқылы қол қою механизмі әзір­лен­ді, бұл ыңғайлы және қауіпсіз. Оны бар­лық порталға енгізу ғана қал­ды. Бұл жұмысты жандандыру және NCALayer жүйесінен толық бас тарту бойынша тапсырма бердім», деді министр.

Ведомство басшысы кей жағ­дайларда қызмет алушылар қан­дай да бір құжаттың дайын бол­ға­ны туралы SМS хабарлама алып, ХҚО-ға келгенде оның әлі жет­кізілмегенін біліп жата­тын жайт­тардың да кездесіп қала­ты­нын жеткізді.

«Біз бұл қызметті жетілдіріп жат­қанымызды және жақын уа­қыт­­та адамдар халыққа қызмет көр­­­сету орталықтарына қайта кел­­­­­мей, қызметтерді электрондық түрде уақытында алатынын атап өте­мін. Сондай-ақ жақын арада емханаға тіркелу процесін то­лық авто­маттандыру жоспарлануда. Мұндай бастаманы Ден­­­сау­лық сақтау министрлігі ұсын­­­ды. Яғни өтініштер қағаз тү­рін­­де қарал­май­ды, жүйенің өзі бәрін тексереді және тіркейді, ал көш­кен кезде адамға жаңа тұрғы­лық­­ты жері бо­йынша емхана ұсы­ны­ла­ды», деді.

Сонымен қатар Әділет ми­нис­­тр­­лігінің бастамасымен деректерді өзгерту процестерін же­­ңілдету, мысалы, тіркеу ме­кен­жа­­йын өзгер­ту­ге қатысты ұсы­ныс та қаралған.

«Бұл қызмет банктердің қо­­сым­­ша­ларында қолжетімді бо­лады. Тех­никалық тұрғыда іске асыру ғана қалды, сондықтан бұл жұмыс­тарды жеделдетуді тапсырдым. Бұдан бөлек, мемлекеттік қыз­меттер үшін төлем енгізу жағ­­­­дайы талқыланды. Шетел­дік­тер­­дің қызмет алуы кезінде ақы төлеу жүйесін енгізуге баса назар аударылды. Мүдделі мемлекеттік ор­гандар (Ішкі істер, Әділет және Қаржы министрліктері) мен Үкі­мет­тегі әріптестеріме аза­мат­тарға келесі жылдан бастап ше­телдіктер үшін төлем енгізу те­ті­гін әзірлеуді тапсырдым», деп жазды ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, аза­мат­тардың Үкіметпен байланысын жақсарту мақсатында да бірқатар жоба қолға алынып жатыр. Соның бірі – Smart data Ukimet. Бұл – мемлекеттік органдардың барлық дерекқорын жинауға және өңдеуге мүм­­­кіндік беретін талдамалы жүйе. Ол – нақты уақыт режімінде көп дерек­ті жинайтын және өңдей­тін құрал.

«Бұл әзірлемелер азамат­та­ры­­мыздың қызметтерді тез және ке­дергісіз алу процесін жүзеге асы­­руға көмектеседі. Сонымен қатар, ғарыш технологиялары, атап айтқанда, төмен орбиталы спут­­никтерді енгізу тақырыбы да айтылды. Бұл Қазақстанның шал­ғай аумақтарын байланыспен және ин­тернетпен қамтамасыз етуге жол ашады», деп жазды ми­нистр.